2024 IACA EXCELLENCE IN CURRENCY AWARDS БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 13-16 мамыр аралығында АҚШ-тың Техас штаты, Форт-Уэрт қаласында өткен «The Banknote Conference 2024» банкнот индустриясының конференциясына қатысты. Ұлттық Банк ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына арналған 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотты таныстырды. Банкноттың дизайны Қазақстан Ұлттық Банкінің дизайнерлерімен жасалды. Конференция аясында IACA (Халықаралық валюталық мәселелер қауымдастығы) ұйымдастырған «Excellence in Currency Awards» байқауының нәтижелері жарияланды. «Үздік мерейтойлық банкнот» номинациясы бойынша 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнот сарапшылардың дауыс беру нәтижесінде байқаудың финалисі атанды. Бұл байқауға Қазақстан Ұлттық Банкімен қатар әлемнің көптеген орталық банктері қатысты. Еске салсақ, мерейтойлық банкнот 2023 жылғы 15 қарашада айналымға шектеулі таралыммен – 3 миллион дана көлемінде шығарылған. Банкнотта 19 қорғаныс элементі бар. Оның дизайны теңге белгісі – «₸» негізінде жасалып, жергілікті holographic элементпен толықтырылған. Банкноттың екі жағында да «Мёбиус лентасы» бейнеленген, ол шексіз қозғалыстың символы ретінде қолданылған.