2012 ЖЫЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК БАНКНОТА ДЕП ТАНЫЛДЫ
Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) қатарынан екінші жыл Қазақстанның теңгесін жылдың ең үздік банкнотасы деп таныды. 2013 жылдың мамыр айында Халықаралық банкнот қауымдастығының жыл сайынғы байқауының нәтижелері жарияланып, онда Қазақстанның жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноты «2012 жылдың ең үздік банкнотасы» деп танылды. Байқауға 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған 100-ге жуық жаңа банкнота ұсынылды. Қазақстанның 5 000 теңгелік банкноты дизайн, идея, техникалық орындалуы және қорғаныс деңгейі бойынша үздік деп танылды. Қазақстанның 5 000 теңгелік банкноты 2011 жылдың 30 желтоқсанында айналымға шығарылды. Банкноттың дизайнын ҚР Ұлттық Банктің дизайнерлері әзірледі, ал ол Банкнот фабрикасында басып шығарылды.