1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру

№ п/п: 13453

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.12.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.12.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан        (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді  (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу  өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

2. Тауардың қысқаша сипаттамасы: Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.

3. Қызметті сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС есепке алмағанда 1 383 928,57  теңге.

4. Көрсетілетін Қызметтердің саны: Бір қызмет.

5. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы Шарттың  жобасына қоса беріледі.

5. Қызмет көрсету орыны: Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.

6. Баға ұсыныстарын берудің басталу  мерзімі:  2019 жылғы «___»  желтоксан 10 сағат 30 минутта басталады;  баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі:            2019 жылғы «___» желтоксан 10 сағат 45 минутқа дейін. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні және уақыты –
2019 жылғы «____» 11  сағат 00 минутта.

7. Ақы төлеу талаптары:

  • Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде көрсетілген қызметтердің актісі (бұдан әрі – Акті) және Жеткізушінің ұсынған шот-фактурасының негізінде тоқсан сайын, Қызмет көрсету фактісі бойынша жүзеге асырады;
  • 4-тоқсанға ақы төлеу көрсетілген қызметтердің актісі (бұдан әрі – Акті) және Жеткізушінің ұсынған шот-фактурасының негізінде 2019 жылдың 27 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

10. Маңызды талаптары, соның ішінде техникалық талаптары көрсетілген Шарттың жобасы қоса берілді.

Әлеуетті жеткізуші белгіленген нысан бойынша тек 1 (бір) баға ұсынысын береді және оған әлеуетті жеткізушінің қолы қойылып, мөрі (бар болған кезде) басылып, бекітіледі,  ол келесі мәліметтер мен құжаттардан тұрады:

  1. әлеуетті  жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін  қызметтің атауы, сипаты және көлемі;
  3. қызмет көрсету орны және мерзімі;
  4. қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда қосымша құн салығын есепке алмағандағы тоқсан сайынғы қызмет көрсету бағасы  және  жалпы  бағасы;
  5. әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған техникалық сипатамасы.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзiлмейдi.

Баға ұсынысын әлеуетті жеткізуші конверттерді ашу рәсімдерінің басталуына дейін  жабылған күйінде ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы салынған жабық конверттің сырт жағына:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта (заңды) мекенжайын;
  2. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын және пошталық мекенжайын;
  3. лот атауын қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

Баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат, жеке куәлiк) растауы тиіс.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші Шартқа қол қоюда келесі құжаттардың көшірмелерін береді:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • қосымша құн салығы бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • деректемелері толық көрсетілген банктің анықтамасы;
  • бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;
  • мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімінде жоқ екенін растайды.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға