1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті ерікті сақтандыру жөніндегі қызметтерді сатып алу

№ п/п: 13454

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 19.12.2019 14:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 26.12.2019 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушы (Тапсырыс беруші): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, электрондық мекенжайы – Pavl_80@nationalbank.kz

 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру жөніндегі қызметтерді сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алатын қызметтің атауы, сатып алуға бөлінген сома, сатып алатын қызмет саны:

Лоттың №

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

 

 

Саны

 

 

Қызметті сатып алу үшін бөлінген сома (теңгемен, ҚҚС-сыз)

1

Автокөлікті ерікті сақтандыру жөніндегі қызметтер

қызмет

1

1 438 912,38

3. Қызмет көрсету орны қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

4. Қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

6. Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 26.12.2019ж. сағат 12.00-ге дейін.

7. Баға ұсыныстары бар конверттер 26.12.2019ж. сағат 12.10-де мына мекенжайда ашылады: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

8. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.

Өзге ақпараттар: 

Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша хабарландыруда көзделген мәліметтер мен құжаттар бар тек қана 1 (бір) баға  ұсынысын береді.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына ұсыну мерзімі аяқталған соң өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын жабылған хатқалтада баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күніне дейін ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық хатқалтаның сырт жағына:

  1. Әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;
  2. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтің атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • Деректемелер толығымен көрсетілген банктің анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;
  • Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясы.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7182) 77-44-30.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға