1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13455

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 26.12.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі  және  күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, мекенжайы: D02F3E6, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі  және  күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету бойынша сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сома көрсетілген тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: күзет мониторингі  және  күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету, сатып алуға бөлінген сома  ҚҚС-ты есептемегенде 1 958 971,07 теңге (бір миллион тоғыз жүз елу сегіз  мың  тоғыз жүз жетпіс бір теңге 07 тиын).

3. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекше нұсқама (ол болған кезде): Шарт жобасына № 1-қосымша.

4. Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны: ҚР, D02F3E6, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.

5. Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: Күзет мониторингі  және  күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету 2020 жылғы 01 қаңтар - 2020 жылғы 31 желтоқсан  (екеуін де қоса алғанда) аралығындағы мерзімде 12 ай бойы қолданылады.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол болған кезде) ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы 20 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап, 2019 жылғы 26 желтоқсанда сағат 17:30-ға дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап.

8. Ақы төлеу талаптары: Тоқсан сайын тараптардың уәкілетті тұлғалары қызметті қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және  шот-фактураны алған  күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

9. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.  

10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

  1. әлеуетті  жеткізушінің толық атауын  және пошта мекенжайын;
  2. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын  және пошта мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

11. Өткізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында www.nationalbank.kz орналастырылады.


[1]ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары»

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға