Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алу туралы
№ п/п: 13408
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.12.2019 16:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.12.2019 16:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы (RO0B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кіруді Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және қатысуға шақырады.
Қызметтің атауы - Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету.
Көрсетілетін қызметтің көлемі - 1 қызмет. Сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС қоспағанда 1 431 250,00 тиын ( бір миллион төрт жүз отыз бір мың екі жүз елу теңге 00 тиын). Қысқаша сипаттамасы, техникалық ерекше нұсқамасы және қызметті көрсетуге қойылатын талаптар Шарт жобасында толық көрсетiлген.
Қызмет көрсету орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы, RO0B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй. Қызмет көрсету мерзімі, төлем жасау талаптары Шарт талаптарына сәйкес. Маңызды талаптары көрсетіліп, Шарт жобасы қоса берілді.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы, RO0B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастау және аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 05 желтоқсан сағат 15:00-ден бастап - 2019 жылғы 13 желтоқсан 16 сағ. 00 мин. Баға ұсыныстары бар конверттердi ашу күнi және уақыты: 2019 жылғы 13 желтоқсан сағат 16 сағ. 10 мин.
Сатып алулар туралы Шарт жобасы және 2018 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі-Қағида) 8 Қосымша қоса берілді.
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші тек бір баға ұсынысын, қол қойылып, мөр басылған мынадай мәліметтер мен құжаттарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) Қызметтердің атауы;
3) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтердің тек бір бағасын байланысты шығындары қосылған Қызметтердің жалпы бағасын;
Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.
2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін Қызметтердің атауын көрсетеді.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы +7 (7292) 701-512 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.