1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Негізгі мүліктерді сақтандыру бойынша қызметті сатып алу

№ п/п: 13411

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.12.2019 10:45

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.12.2019 10:45

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл филиалы, негізгі мүліктерді сақтандыру бойынша қызметті баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың өтетіндігі туралы хабарлайды.

 1.Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй.

 2. Cатып алуды ұйымдастырушы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй.

3. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты:

- Негізгі мүліктерді сақтандыру үшін бөлінген сома – ҚҚС–сыз 1265850,87 теңге.

      4.Көрсетілетін қызметтің орны, мерзімі және талаптары: 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би

көшесі, 137  үй.

5.Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолданылады.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты; -мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі -  06.12.2019 ж.сағат   10:45, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 13.12.2019ж. сағат  10:45 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты 13.12.2019ж. 11:00 сағат

8. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

9. Сақтандырушының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болуы қажет.

10. Ақы төлеу талаптары: Төлем Сақтанушымен Сақтандырушының банк шотына мынадай тәртіпте ақша аудару  жолымен  жүзеге асырады:

1) Шарт бойынша төлем, Сақтанушы 100% мөлшердегі алдын-ала төлемді банк кепілдігі немесе ақшалай кепіл жарнасы түрінде  Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде  Сақтандырушының есеп шотына аудару арқылы жүргізеді.

2)  Сақтандырушы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде  банктік кепілдік немесе Шарттың Жалпы сомасының 100 (жүз) пайызы мөлшеріндегі кепілдік ақшалай жарна түрлерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

3)  Сақтанушы Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін ойдағыдай орындаған сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтарады.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) Қызметтің атауы;

3) Қызметті көрсету мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің біреуінің бағасы және  Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші Қызмет үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға