Жұмыс орындарында радиациялық бақылау қызметтерін сатып алу
№ п/п: 13410
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.12.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.12.2019 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Сатып алу туралы хабарландыру
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ,
Қауіпсіздік басқармасы, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй; тел: жұмыс тел. 2 704-551, ұялы тел. (+7-701-421-03-98), электрондық мекенжайы – dauren.dinislan@nationalbank.kz.
Жұмыс орындарында радиациялық бақылау қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамасы:
|
Қызметтердің атауы және көрсетілетін орны |
Қызметтердің сипаттамасы |
Са-ны |
Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома теңгеде (ҚҚС сомасын есептемегенде) |
|
«Жұмыс орындарында (Орталық аппарат – Көктем) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету» Қызмет көрсету орны: Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй; |
1. Жұмыс орындарында радиациялық бақылау мониторингі «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген Санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес орындалады. 2. Жүргізілетін жұмыстардың сипатына байланысты радиациялық мән-жағдайды бақылау мыналарды қамтиды: 1) жұмыс орындарындағы, санитарлық-қорғаныс аймағындағы және байқау аймағындағы рентгендік, гамма- және нейтрондық сәулелену дозаларының қуатын, иондайтын сәулелену бөлшектері ағындарының тығыздығын өлшеу; 2) қызметкердің жұмыс үстелі беттерінің, жабдықтарының, дененің беткі қабатының және киімінің радиоактивті заттармен былғану деңгейлерін өлшеу; 3) жұмыс үй-жайларының ауасындағы газдар мен аэрозольдардың көлемдік белсенділігін анықтау; 4) радиоактивті заттардан бөлінетін және сіңірілетін белсенділікті өлшеу немесе бағалау.
|
1 |
259 375,00 |
|
«Жұмыс орындарында (Орталық аппарат – Әйтеке би) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету» Қызмет көрсету орны: Алматы қ., Әйтеке би к., 67-үй |
|||
|
«Жұмыс орындарында (Алматы қалалық филиалы) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету» Қызмет көрсету орны: Алматы қ., Панфилов к., 98 |
Қызметтерді көрсету орны – ҚРҰБ әкімшілік ғимараты: Алматы қ., «Көктем-3» ш/а., 21-үй; ҚРҰБ әкімшілік ғимараты: Алматы қ., Әйтеке би к., 67; ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы: Алматы қ., Панфилов көшесі, 98.
Қызметтерді көрсету мерзімдері және, ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынатын орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй;
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні:
2019 жылғы «06» желтоқсаны сағ. 10-00 бастап 2019 жылғы «13» желтоқсаны сағ. 10-00 дейін.
Баға ұсыныстары салынған конверттері ашу күні мен уақыты:
2019 жылғы «13» желтоқсаны сағ. 11:00.
Мөрленген конверттің бет жағында әлеуетті жеткізуші:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен пошталық мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылған лоттың атауы.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысына Жұмыс орындарында радиациялық бақылау қызметтерін сатып алумен байланысты барлық шығыстарды қосуы қажет.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көрсетілген ақпаратқа (құжаттарға) қоса отырып, тек 1 (бір) баға ұсынысын ұсынады.
Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін Жеткізуші келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Заңды тұлғалар үшін:
• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
• ҚҚС бойынша тіркеу туралы куәлік (егер қолданылса);
• Толық деректемелері бар банк туралы анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелері бар банктен анықтама;
• Жеке куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі (егер қолданылса) .
Жеткізушімен сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі - 7 жұмыс күні.
Қосылған:
- бекітілген техникалық ерекше нұсқамасымен Сатып алу туралы шарттың жобасы;
- баға ұсыныстарының нысаны.
Өнім беруші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілген мерзімі-7 жұмыс күні.
Қоса беріледі:
- бекітілген техникалық ерекшелігімен сатып алу туралы шарт жобасы.
ҚБ бастығың
орынбасары Г. Арипжанов
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.