1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен А4 қағазын қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13495

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.01.2020 12:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.01.2020 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен А4 қағазын (бұдан әрі – Тауар) қайта сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған тауарды сатып алуға қатысуға шақырады.

2. А4 қағазы, саны – 7 200 бума, сатып алу үшін бөлінген сома – 9 787 500 теңге 00 тиын ҚҚС сомасын есептемегенде.

3. Тауарды жеткізу орны: А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй және Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік, 21 (бұдан әрі – Жеткізу орны) өз есебінен жеткізеді.

4. Тауарды жеткізу мерзімі: Алматы қаласында Шартқа қосымшада көзделген мөлшерде Тауарды жеткізу мерзімі Шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күнді құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласында Тауарды жеткізу Тапсырыс беруші Жеткізушіге қажет болған жағдайда Шартқа Қосымшада көзделген мөлшерде (көлемде) жіберетін өтінімдерде көрсетілген мөлшерде және мерзімде жүзеге асырылады.

5. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген, (шарттың қосымшасы).  

6. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемді Шарттың 4.2-тармағына сәйкес Тауарды жеткізген кезде, Жеткізуші жеткізген және Тапсырыс беруші қабылдаған Тауардың нақты санына Тараптардың уәкілетті адамдары Актіге қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 бөлме.   

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2020 жылы 17 қаңтарда 12 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2020 жылы 24 қаңтарда 12 сағат 00 минут.

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2020 жылы 24 қаңтарда 15 сағат 00 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 206/1 бөлмеде ашылады. 

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және қағидалардың 8 - қосымшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары қоса беріледі (бұдан әрі –Тауар).

12. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған тауармен бірге техникалық ерекше нұсқама ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін атауын, телефонын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныс берілетін Тауарды сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Дара кәсіпкер үшін:

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1 тармақшада көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға