1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Жобалар портфелін басқару» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу

№ п/п: 13367

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.11.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 22.11.2019 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

өткізу туралы хабарлама

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Жобалар портфелін басқару» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2 қызметкері үшін «Жобалар портфелін басқару» курстары.

4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 223 214,29 теңге.

5. Қызмет сипаттамалары: 16 академиялық сағаттан кем емес тәжірибелі қызметкерлерге арналған курстар келесіні қамтуы керек.

    - ұйымдағы жобалар портфелін басқарудың озық тәжірибелерін зерттеу;;

    - жобалар портфелінің өмірлік циклы;

    - жобалық портфельді басқару процестері;

    - жоба портфелін қалыптастыру және талдау.

Требования к тренеру: жобаларды басқару саласында сертификатының, кемінде 5 оқу курсын өткізу оқытушылық тәжірибесі болуы.

Сертификаттау: курстар аяқталған соң сәйкес сертификат беру.

6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «15» қарашада сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «22» қарашада 17 сағат 00 минут.

Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.

Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «22» қарашада 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.

8. Тапсырыс беруші нақты көрсетілген қызмет дерегі бойынша ақы төлеуді тараптардың уәкілетті адамдары көрсетілген қызмет актісіне қол қойған және тапсырыс беруші шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.

9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

 Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 330 25 57.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға