Күзет мониторингі қызметін сатып алу
№ п/п: 13463
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.12.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.12.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1.Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64, Электронды адрес: Tald_80@nationalbank.kz. Телефон: 8(7282) 55-95-00, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі қызметін (бұдан әрі-Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды.
2.Сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, қызметтің көлемі: баға ұсынысы тәсілімен күзет мониторингі қызметін көрсету.
3.Сатып алуға бөлінген жалпы сома, ҚҚС есептегеменде, 1 797 203 (бір миллион жеті жүз тоқсан жеті мың екі жүз үш) теңге 57 тиын.
4.Көрсетілетін қызметтің көлемі, орны мен мерзімі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64. Қызмет көрсету 2020 жылғы 1 қаңтардан басталады және 31 желтоқсанда аяқталады. Филиалда Орталықтандырылған бақылау пультіне (бұдан әрі – ОБП) қосылған дабыл сигналы кілттерінің саны -13. Барлық кілттердің ОБП-не қосылу уақыты: жұмыс күндері-15 сағат, демалыс күндері -24 сағат
5.Техникалық ерекше нұсқамасы Шарттың жобасында қарастырылған және баға ұсынысын ұсыну кезінде міндетті болып табылады, хабарландыруда барлық мәліметтер көрсетіледі. Меншік техникалық құралдары немесе техникалық құралдар жиынтығы, орталықтандырылған күзет пунктінде орнатылатын хабарлама беру жүйесі болуы тиіс (дабыл, қызметтік және бақылау-диагностикалық хабарлау; ақпаратты өңдеу, бейнелеу, тіркеу) Шартпен көзделген мерзім мен талаптарда Талдықорған қаласында тәулік бойы қызмет көрсетілуі тиіс.
6.Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны және мерзімі, баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынуының басталу мерзімі - 2019 ж. 23 желтоқсан, сағат 17:00. бастап
Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі - 2019 ж. 30 желтоқсан, сағат 17:00. дейін.
Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты: 2019 жылғы 30 желтоқсан, сағат 18:00.
7. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі. Бұл ретте әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына келісімін беру тиіс.
Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсынысының аяқталуына дейінгі күнде және уақытта беруге тиіс.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
- сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесті сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында сатып алатын жұмыстың атауы.
Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келемеген жағдайда, сондай-ақ конверттер ұсыну мерзімінен кейін берілген жағдайда баға ұсынысы тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бойынша:
- баға ұсынысы сатып алуға бөлінген сомадан артық болса;
- әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық баға ұсынысын ұсынса;
- техникалық ерекше нұсқамасының талаптарына сәйкес келмесе;
- техникалық ерекше нұсқамасын ұсыну туралы талап болған кезде әлеуетті жеткізуші оны ұсынбаса;
- әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;
- сатып алуға жозықсыз қатысушылар тізілімінде әлеуетті жеткізуші тұрса, оның баға ұсынысы қабылданбайды.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.