Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шетел тілдері саласында білім беру қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
№ п/п: 13475
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.01.2020 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шетел тілдері саласында білім беру қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, мекенжайы: D02F3E6 (030006), Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шетел тілдері саласында білім беру қызметтерін сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшiн бөлiнген сома көрсетілген көрсетілетін қызметтердің көлемі: 1 (бір) қызмет - 1 топқа ағылшын тілін оқыту курстарын ұйымдастыру (топ 3-10 адамды құрайды). Бастапқыда «Intermediate Plus» деңгейі бойынша, кейін «Upper-Intermediate» деңгейі бойынша оқиды. 1 (бір) академиялық сағат 45 минутты құрайды. Келесі деңгейге курс соңында тестілеу қорытындылары бойынша деңгейі 70%-дан төмен болмайтын нәтижесі бар қызметкерлер жіберіледі.
Көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі (уақыты) 288 (екі жүз сексен сегіз) академиялық сағатты құрайды. Көрсетілетін қызметтің сомасы ҚҚС сомасын есептемегенде 1 672 566,48 теңге (бір миллион алты жүз жетпіс екі мың бес жүз алпыс алты теңге 48 тиын) құрайды.
3. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекше нұсқама (ол болған кезде): Шарт жобасының № 2-қосымша сәйкес.
4. Қызметтерді көрсету орны: ҚР, D02F3E6 (030006), Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.
5. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: Шарт талаптарына сәйкес 2020 жыл ішінде. Қызмет Тараптардың келісілген күнінде, дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда көрсетіледі.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2020 жылғы 6 қаңтарда сағат 09:00-ден бастап, 2020 жылғы 13 қаңтарда сағат 17:30-ға дейін.
7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 14 қаңтарда сағат 09:00-ден бастап.
8. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші шарт бойынша көрсетілген қызмет үшін ақы төлеуді нақты көрсетілген қызметтер үшін ай сайын тараптардың уәкілетті адамдары актіге қол қойған және тапсырыс беруші шот-фактураны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жеткізушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
9. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында :
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта мекенжайын;
- тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошта мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
11. Өткізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында www.nationalbank.kz орналастырылады.
[1]ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары»
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.