Күзет мониторингі бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру
№ п/п: 13461
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 31.12.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі бойынша қызметті көрсету (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Тауардың қысқаша сипаттамасы: Күзет мониторингі қызмет көрсету.
3. Қызметті сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС есепке алмағанда 3 353 737,07 теңге.
4. Қызмет көрсету көлемі, орны және мерзімдері: бір қызмет, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоксан бойынша мерзімге дейін. Жеткізуші көрсетілген мерзім ішінде қызметті үздіксіз көрсетуге міндетті.
5. Техникалық ерекшеліктер: Шарт жобасының қосымшасына сәйкес қоса беріледі.
6. Әлеуетті жеткізушілермен баға ұсыныстарын ұсыну орны мен соңғы мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны: Баға ұсыныстары техникалық ерекшелігімен бірге мына мекенжай бойынша беріледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 3.206.-каб. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді басталу мерзімі – 2019 жылғы "25" желтоқсан сағат 09.00 бастап, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі 2019 жылғы "31" желтоқсан сағат 18.00 дейін. Баға ұсыныстарын ашу "31" желтоқсан 2019 жылы сағат 18.15 Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 3.206-каб.
7. Шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші тоқсан сайын Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аударым жасау арқылы, көрсетілген қызметтер актісіне толық қол қоюға (бұдан әрі - Заң) қол қоюға жауапты және жеткізушіге шот-фактураны ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады
8. Маңызды шарттар көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның өткізілетін сатып алу шарттарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті Жеткізуші ұсынған баға ұсынысына баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек 1 (бір) баға ұсынысын береді.
Әлеуетті Жеткізуші баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру аяқталатын уақыт пен күнге дейін береді.
Конвертте баға ұсынысы ұсынылған жағдайда әлеуетті Жеткізуші мөрленген конверттің беткі жағында:
- Әлеуетті Жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайын;
- Сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысы берілетін Лоттың атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы Шартқа қол қоюда келесі құжаттардың:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
- ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
- деректемелері толық көрсетілген банктің анықтамасының;
- бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрықтың көшірмелерін береді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.