1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ғимаратты жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету

№ п/п: 13464

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.01.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.01.2020 18:00

Хабарламаның толық мәтіні: 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғимаратты жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу  өткізілетіні туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан, Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғимаратты жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету бойынша қызметті (бұдан әрі - Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Көрсетілетін қызмет көлемі және сатып алу үшін бөлінген сома – бір қызмет және сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 1 178 571,43 теңге, 00 тиын.

Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету.

Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері шарт жобасының қосымшасында көзделген.

Қызмет көрсету орны: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй.

Талап етілетін қызмет көрсету мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31.12 бойынша мерзімде көрсетіледі.

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 ж. «05» қаңтарда     9 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі –                 2020 ж. «13»  қаңтарда 18 сағат 00 минутқа дейін, ұсыну орны – Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

Баға ұсыныстарын ашу – 2020ж. «13» қаңтарда 18 сағат 15 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108 - кабинетте ашылады.

Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары көрсетілген Қызметті толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акті) қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) операциялық күннің ішінде Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктері қоса берілді.

Өзге ақпараттар:

Әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады.

Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізуші өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.

 Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылған сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
  • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
  • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға