Лифтілерге/лифт шахталарына және сондай жабдықтарға (жүктік) техникалық қызмет көрсету
№ п/п: 13465
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.01.2020 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен cатып алуды өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен лифтілерге/лифт шахталарына және сондай жабдықтарға (жүктік) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу өтетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
Көрсетілетін қызмет көлемі және сатып алуға бөлінген сома; лифтілерге/лифт шахталарына және сондай жабдықтарға (жүктік) техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет, ҚҚС-сыз 624 642,86 теңге сомасына - бір қызмет.
Қызметтің қысқаша сипаттамасы: лифтілерге/лифт шахталарына және сондай жабдықтарға (жүктік) техникалық қызмет көрсету.
Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшеліктері Шарт жобасының қосымшасында көзделген.
Қызмет көрсету орны: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі,21
Талап етілетін қызмет көрсету мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан бойынша мерзімге дейін.
Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 ж. «05» қаңтарда 9 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі - 2020 ж. «13» қаңтарда 18 сағат 00 минутқа дейін, ұсыну орны – Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.
Баға ұсыныстарын ашу – 2020 ж. «13» қаңтарда 18 сағат 15 минутта Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108.- кабинетте ашылады.
Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді ай сайын Тараптардың жауапты тұлғалары көрсетілген Қызмет актісіне (бұдан әрі – Акті) қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10(он) жұмыс күнінің ішінде Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.
Маңызды талаптары көрсетілген Шарт жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктер қоса берілді.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын әлеуетті жеткізушуінің қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады.
Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті жеткізуші өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы ұсынылған сатып алудың атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
- ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
- толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
- бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.