Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13489
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.01.2020 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын
аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тарпысыр беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш., 3, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті (бұдан әрі – Қызмет) сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.
- Сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептегенде 1 300 000,00 теңгені құрайды.
- Сатып алынатын қызметтің техникалық сипаттамасы және оған қойылатын талаптар, жеткізу мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.
- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3-үй.
- Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020ж.13.01. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2020ж.17.01. сағат 18:30-ге дейін.
- Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты – 2020ж.20.01. сағат
11:00-де. - Әлеуетті жеткізуші қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда төмендегі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
- әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
- көрсетілетін Қызметтің атауы, сипаттамасы;
- Қызметті көрсету орны мен мерзімдері;
- ҚҚС есептемегендегі Қызметтің бағасы.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысының құрамында атом энергиясын пайдалану саласында қызметтерді ұсынуға мемлекеттік лицензияның көшірмесін ұсынуы қажет.
7. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
- осы хабарламаның 3-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Қызметтің (лоттың) сатып алудың атауы.
8. жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
9. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 560-680.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.