1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті сақтандыру бойынша қызмет (ерікті түрде)

№ п/п: 13380

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.11.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.11.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

 

 

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті сақтандыру бойынша қызметті (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Көрсетілетін қызмет саны – бір қызмет;

Сатып алуға бөлінген сома - ҚҚС-ын есепке алмағанда 389 156 (үш жүз сексен тоғыз мың бір жүз елу алты) теңге 00 тиын.

Көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы – автокөлікті сақтандыру (ерікті түрде) бойынша қызмет көрсету.

Қызмет көрсету орны – Қазақстан Республикасының аумағы.

Қызмет көрсету мерзімдері -  шарт жасалған күннен бастап                   2019ж.31.12. бойынша (қоса алғанда)

Баға ұсыныстарын берудің басталу уақыты – 2019 жылғы «22»  қараша       09 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі  -                 2019 жылғы «28» қараша 18 сағат 00 минутқа дейін, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет;

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны –
2019 жылғы «28» қараша 18 сағат 30 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

        Ақы төлеу талаптары - Сақтанушы сақтандыру сыйақысының сомасын Сақтандырушыдан шотты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Сақтандырушының банк шотына төлейді.

       Шарттың маңызды талаптары көрсетілген жобасы қоса берілді.

 

      Өзге ақпараттар:

      Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті  жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар  болған кезде) бекітілген баға  ұсынысын береді, онда хабарландыруда көзделген мәліметтер мен құжаттар бар.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына ұсынылған соң өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын жабылған конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күніне дейін ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағына:

1) Әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;

2) Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтің атауын көрсетеді.

Баға ұсыныстары бар конвертті ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжат (бұйрық, сенімхат, жеке куәлік) арқылы растауы тиіс.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

• қосылған құн салығы бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

• деректемелер толығымен көрсетілген банктің анықтамасы;

• бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;

  • сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясы.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға