1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Күзет және өрт дабылдарына ағымдағы жөндеу жүргізу

№ п/п: 13377

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.11.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.11.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні: 
 

1. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы, 020000, Көкшетау  қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайында орналасқан, электрондық мекенжайы:  kokch_80@nationalbank.kz. Телефон: 8 (7162) 55-18-00 (ішкі 2231, 2232, 2233), баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет және өрт дабылдарына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша қызметті (бұдан әрі- Тауар) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатусыға шақырады.

2. Сатып алуға бөлінген сомаға тауардың саны:

1 - лот: Шарттың техникалық сипаттамасына сәйкес күзет және өрт дабылдарына ағымдағы жөндеу жүргізу (1 қызмет). Сатып алуға бөлінген сома-  ҚҚС сомасын есептемегенде 1 269 465, 00 (бір миллион екі жүз алпыс тоғыз мың төһрт жүз алпыс бес) теңге 00 тиын.

3. Қызметті орындау орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы, Көкшетау  қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.

4. Тауарды жеткізу үшін талап етілетін мерзім: Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қызметті жүзеге асырады.

5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі -2019 ж. «20» қараша,  сағат 11:00-ден бастап

Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі- 2019 ж. «27» қараша, сағат 18:00-ге дейін

Мекенжайы: Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214.

6. Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты: 2019 жылғы 28  қараша,  сағат 11:00.

Мекенжайы: Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214.

7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Жеткізушінің банктік шотына Шарттың жалпы сомасының 100 % (бір жүз пайыз) мөлшерін Тараптар Тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі-Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде аудару арқылы жүзеге асырады.

8. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі

Қосымша ақпарат

9. Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  береді

10. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсыну мерзімінің аяқталуына дейінгі күнде және уақытта берілуі тиіс.

11. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  3. әлеуетті жеткізушінің  баға ұсынысында сатып алынатын тауардың атауы.

12. Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келмеген, сондай-ақ конверт ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.

13. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

14. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

15. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

16. Қосымша ақпаратты 1-тармақта көрсетілген телефон номері арқылы алуға болады.

 

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға