Күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету (қайта)
№ п/п: 13427
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.12.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру (қайта)
1. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, M01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ.,19, электрондық мекенжайы: sagynysh.aldongarov@nationalbank.kz., телефон 8(7212) 559323, ішкі тел. 3047.
2. Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Сатып алу жоспарына сәйкес қызметті сатып алу үшін бөлінген сома: 1193928,43 теңге ҚҚС-сыз.
Көрсетілетін қызметтің көлемі: 2020 жыл ішінде үздіксіз күзет мониторингі және дабыл-күзет дабылдама құралдарына техникалық қызмет көрсету қызметтері.
4. Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының әкімшілік ғимаратындағы дабыл-күзет дабылдама құралдарының жай-күйін тәулік бойы қадағаланылуын қамтамасыз ету, барлық дабыл дабылдамаларды радиоарналар арқылы автоматты түрде Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына беру. Жекеменшік мобильді топтардың және ішкі істер органдардың объектілеріне шығуды жүзеге асыру, жыл бойы дабыл-күзет дабылдама құралдарының техникалық жөнділігін және жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.
5. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы: Шарт жобасына қоса тіркелген.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, M01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 19. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында.
7. Қызмет көрсету орны және баға ұсыныстарын ұсынудың басталуы және аяқталу мерзімі: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, M01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 19. 2019 жылғы «11» желтоқсаннан бастап «20» желтоқсан 18 – 30 сағат.
Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты, мекенжайы: 2019 жылғы «23» желтоқсан 10 – 00 сағат. ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, M01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 19.
8. Төлем шарттары: Шарт бойынша Тапсырыс беруші төлем төлеуді Жеткізушінің банктік шотына тоқсан сайын ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
9. Шартты мәні, оның ішінде техникалық талаптары көрсетілген Шарт жобасы қоса тіркелген.
10. Басқа ақпарат: Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналар болуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта мекенжайы;
- Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы мен пошта мекенжайы;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауы.
Әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек 1 (бір) баға ұсынысын береді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (жеке куәлік, бұйрық немесе сенімхат) растауы тиіс. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің httр://www.nationalbank.kz интернет - ресурсында орналастырылатын болады. Қосымша ақпаратты 8(7212) 55-93-23, ішкі.3047 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.