HP Europe Laser Jet Pro M203dn А4 ф. құрылғыға қара-ақ түсте басып шығаратын түп нұсқа картриджді сатып алу
№ п/п: 13429
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.12.2019 09:30
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.12.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
ҚРҰБ Ақпараттық технологиялар басқармасы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., Көктем ш.а., 21 үй., тел. 8 (727) 2704-680, 8 (775) 844 2983 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен HP Europe Laser Jet Pro M203dn А4 ф. құрылғыға қара-ақ түсте басып шығаратын түп нұсқа картриджін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
Сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС-сын есепке алусыз 78 666 теңге 66 тиын (жетпіс сегіз мың алты жүз алпыс алты теңге 66 тиын).
Сатып алынатын Тауардың сипаттамасы, Тауардың толық ерекшелігі техникалық ерекшелікте көрсетілген (хабарландырудың қосымшасы).
Тауарды жеткізу орны, мерзімі - хабарландырудың қосымшасына сәйкес.
Әлеуетті Жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 ж. 11 желтоқсан сағат 09 сағат 30 минут.
Әлеуетті Жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 ж. 19 желтоқсан 17 сағат 00 минут.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. 19 желтоқсан 17 сағат 30 минутта, A15C9T5, Алматы қ., ш / а. Көктем-3, 21 үй, №317/1 бөлме, мекенжайы бойынша ашылады.
Төлем шарттары - хабарландырудың қосымшасына сәйкес.
Сатып алынатын Тауардың саны - хабарландырудың қосымшасына сәйкес.
Тауарды жеткізуді Жеткізуші өз есебінен жүзеге асырады.
Жүкқұжатта көрсетілген күн Тауарды жеткізу күні болып саналады.
Мәміле Ереженің 172-тармағына сәйкес ауызша түрде жасалады. Тауар шот-фактура негізінде сатып алынатын болады.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1. Әрбір әлеуетті Жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті Жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті Жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін Тауардың атауы;
3) Тауарды жеткізу мерзімі;
4) Тауарды жеткізуге байланысты шығыстар қосылған қосылған құн есебінсіз Тауардың бір бірлігінің бағасы және жалпы құны;
5) әлеуетті Жеткізуші қол қойған тауарға техникалық ерекшелік.
Баға ұсынысы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
2. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жабық конвертте немесе пошта арқылы беріледі. Әлеуетті Жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында:
1) әлеуетті Жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын Тауардың атауы.
3. Әлеуетті Жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс, қажет болған жағдайда, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат (баға ұсынысы бар конвертті сатып алуды ұйымдастырушыға беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне жіберу).
4. Қосымша анықтаманы 8 (727) 2704-680, 8 (775) 844 2983 телефондары арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.