Баға ұсыныстарын сұрату арқылы күзет мониторингі қызметін көрсетуді сатып алу
№ п/п: 13434
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 12.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 23.12.2019 09:20
Хабарламаның толық мәтіні:
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы (R00B0F9, Ақтау қ., 23 ш/а, 26 үй), баға ұсыныстарын сұрату арқылы күзет мониторингі қызметін көрсетуді сатып алудың жүргізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
Қызметтің атауы - күзет мониторингі қызметін көрсету.
Көрсетілетін қызметтің көлемі - 1 қызмет. Сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС қоспағанда 1 410 714, 29 теңге. Қысқаша сипаттамасы, техникалық ерекше нұсқамасы және қызметті көрсетуге қойылатын талаптар Шарт жобасының Қосымшасында толық көрсетiлген.
Қызмет көрсету орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 ш/а, 26 үй. Қызмет көрсету мерзімі, төлем жасау талаптары Шарт талаптарына сәйкес. Маңызды талаптары көрсетіліп, Шарт жобасы қоса берілді.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 ш/а, 26 үй.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастау және аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 12 желтоқсан сағат 9 сағ. 00 мин. бастап - 2019 жылғы 23 желтоқсан 9 сағ. 00 мин. дейін. Баға ұсыныстары бар конверттердi ашу күнi және уақыты: 2019 жылғы 23 желтоқсан 9 сағ. 20 мин., Ақтау қ., 23 ш/а, 26 үй, 1 қабаттағы кабинет №303.
Әрбір әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол боған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, ол мына мәліметтер мен құжаттардан тұрады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекен-жайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелер;
2) көрсетілетін қызмет атауы;
3) қызмет көрсету мерзімі;
4) қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, ҚҚС есептемегенде біреуінің және жалпы бағасы;
5) әлеуетті жеткізуші қол қойған қызмет көрсетудің техникалық ерекше нұсқамасы;
Баға ұсыныстарын өзгертуге және/немесе толықтыруға жол берілмейтін хабарландырудың Қосымшасына сәйкес рәсімдеу қажет.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын және пошталық мекенжайын;
3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін қызмет атауын көрсетеді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжаттармен растауы керек (бұйрық, сенімхат, сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары бар конвертті беру, баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне қатысу).
Өткізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы +7 (7292) 701-512 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.