1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылға жеделдетілген (курьерлік) пошта қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13396

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.12.2019 18:20

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

 өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті арқылы (Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8 (727) 2704-550, 2704-646) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2020 жылға жеделдетілген (курьерлік) пошта қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.    

1. Жіберілетін хат-хабардың болжамды көлемі:

-  ҚР бойынша - жылына 80 (сексен) пакет, пакеттердің болжамды салмағы  - 100 гр. бастап 1 кг. дейін;

- ТМД және алыс шетел аумағы бойынша - жылына 260 (екі жүз алпыс) пакет, пакеттердің болжамды салмағы - 100 гр. бастап 1 кг. дейін.    

Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 2 110 035,71 теңге.

2. Сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасы:

Белгіленген бақылау мерзімдерінде Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетел бойынша хат-хабарды қабылдау мен жеткізу бойынша жеделдетілген пошта қызметтерін ұсыну.

3. Қызмет көрсету орны: A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй; A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67.

Қызмет көрсетудің жоспарланған мерзімдері төменде көрсетілген.

р/с

Жеделдетілген (курьерлік) пошта қызметтерін көрсету (адресаттарға жіберілімдерді жеткізу) мерзімдері

1.

Алматы қаласы бойынша -  бір жұмыс күні (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады)

2.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша -  3 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады)

3.

ТМД елдері бойынша – 5 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады)

4.

Алыс шетелдегі елдер бойынша – 7 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады)

 

4. Қызмет көрсету кезеңі – Шарт күшіне енген күннен бастап бірақ 01 қаңтардан ерте емес, 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында.

5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы 3 желтоқсан сағат 09:00-дан, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 9 желтоқсан сағат 18:20-ге дейін.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй, тел. 8 (727) 2704-550, 2704-646.   

Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 9 желтоқсанда мынадай мекенжай бойынша: A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй, №330 бөлмеде 18 сағат 20 минутта ашылады.

7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес. 

8. Маңызды талаптары көрсетілген, қазақ және орыс тілдеріндегі жеделдетілген (курьерлік) пошта қызметтерін сатып алу туралы шарттың  жобасы қоса беріліп отыр.

9.  Қосымша ақпарат

Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар – Қазақстанда дамыған филиал желісінің болуы, Қазақстан нарығында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, ұйымның Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың қатарында тұрмағандығы туралы растама.  

Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын  беруге құқылы.

Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарламада көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну аяқталатын уақытқа және күнге дейін мөр басылған конвертте баға ұсынысын ұсынады.  

Мөр басылған конверттің беткі жағында мыналар көрсетіледі:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық (заңды) мекенжайы;

2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және пошталық мекенжайы;

3) сатып алынатын қызметтердің атауы, оған қатысу үшін баға ұсынысы ұсынылады;

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы салынған конвертті ұсынатын өкілі өз өкілеттіктерін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке куәлік) растауға тиіс.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz мекенжайы бойынша орналасқан.

  Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында мынадай мәліметтер болуға тиіс:

  1. атауы, БСН, заңды және нақты мекенжайы;
  2. әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері;
  3. қызметтің атауы және сипаты;
  4. қызмет көрсету орны және мерзімдері;
  5. оған қосылған шығыстар туралы мәліметтер көрсетіле отырып, біреуінің бағасы.

Шартқа қол қоюдың талап етілген мерзімі – жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұсынады.   

Шартқа қол қою кезінде Жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынбаса);

• Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;

• Бірінші басшыны тағайындауға арналған бұйрық.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға