1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті ерікті сақтандыру

№ п/п: 13384

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 26.11.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 03.12.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуді (Бұдан әрі - Қызметтер) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алуға бөлінген соманы көрсетумен көрсетілетін қызметтер көлемі: Қызметтер ҚҚС есептемегенде  1 215 311,48 теңге сомасына.

3. Көрсетілетін Қызметтердің қысқаша сипаттамасы: автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтер (Toyota Camry м/н 107 AQ 03, Toyota Corolla м/н 106 АQ 03, Камаз 53229с м/н 015 VN 03, VW Transporter Kombi м/н C 824 ZB, VW Transporter Kombi м/н C 839 ZB, Mercedes-Benz Sprinter 519 м/н 499 BL 03).

4. Қызметтерді көрсету орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.

5. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі: сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі 2020 жылғы 01 қаңтардан басталады және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда сағат 24-00-ге дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолданылады.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы «26» қарашаның сағат 09.00-ден бастап «03» желтоқсанның сағат 18.30-ге  дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «4» желтоқсанда, сағат 11.00-де.

8. Ақы төлеу талаптары: төлем шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

9. Шарт жобасы қоса беріледі.

10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысына Қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды қосуға тиіс.

1) Әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол боған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар:

- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

- көрсетілетін  Қызметтердің атауы және көлемі;

- Қызметтерді көрсету орны  және мерзімі;

- Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы және қызмет көрсетудің жалпы бағасы;

Әлеуетті жеткізуші табыс еткен баға ұсынысына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге рұқсат етілмейді.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі оның  шарт жобасында (ол болған кезде), сондай-ақ техникалық ерекше нұсқамада көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

2) Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

  • әлеуетті жеткізушінің толық атауын  және пошта заңды мекенжайын;
  • тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген  тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын  және пошта мекенжайын;

- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, көрсетілетін қызметтердің  атауын көрсетеді.

11. Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

- толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы;

- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

12. Қызметтерді сатып алу шартына қол қоюға талап етілген мерзім – шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған шарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

 

 

Қосымша:

 

Сатып алулар туралы шарттың жобасы, әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысының  нысаны.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға