1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автоматты газды өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13420

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 18.12.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасы, COOY4PO, Ақмола облысы, Көкшетау қ., М.Әуезов  к., 214 мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автоматты газды өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтері сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, 1 166 666,07  (бір миллион бір жүз алпыс алты мың алты жүз алпыс алты) теңге 07 тиын, ҚҚС сомасын есептемегенде.

Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: автоматты газды өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер.

Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): қоса беріледі.

Қызмет үлгілерін тестілеу бағдарламалары (ол бар болса): жоқ.

Қызметті көрсету орны: Көкшетау қ., М.Әуезов  к., 214.

Қызмет көрсетуді талап етілетін мерзімдері: 2020 жыл ішінде 2 (екі) рет, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындағанға дейін.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 10 желтоқсан 09.00-ден бастап.

 Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылғы 18 желтоқсан, сағат 18:30.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Ақмола облысы, Көкшетау қ., М.Әуезов  к., 214 үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы.

Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2019 жылғы 19 желтоқсан, сағат 11:00-де, Ақмола облысы, Көкшетау қ., М.Әуезов  к., 214 үй.

Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса беріледі.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары ұсынылған уақыт пен күнге дейін почта арқылы немесе арнайы жабық конвертте ұсынылады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алудың атауын көрсетеді.

Әлеуетті жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, Жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен берілген сенімхат (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсынысы бар конвертті беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне  рұқсат) болуы керек.

Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

• Осы қызмет түрі үшін лицензия;

• Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;

• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;

• Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).

Жүргізілген сатып алулар қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7162) 55-18-00 (ішкі 2219).

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға