Картридждерді сатып алу
№ п/п: 13422
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.12.2019 11:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 18.12.2019 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ Ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Сатып алуларды ұйымдастырушы) орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2020 жылға сатып алуларды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
№1 лот - «HP CF238A LaserJet Enterprise А3 ф. құрылғыға қара-ақ түсте басып шығаратын түп нұсқа картридж;
№2 лот - «Xerox WorkCentre 6515DN А4 ф. КФҚ-ға түрлі-түсте басып шығаратын түп нұсқа тонер – картридж»;
№3 лот - «Xerox WorkCentre 6515DN А4 ф. КФҚ-ға түрлі-түсте басып шығаратын түп нұсқа драм картридж».
(бұдан әрі - «Өнім»)
2. Сатып алу үшін бөлінген сома:
№1 лот - ҚҚС қоспағанда 360 755 тенге 96 тиын;
№2 лот - ҚҚС қоспағанда 1 864 771 тенге 44 тиын;
№3 лот - ҚҚС қоспағанда 1 740 427 тенге 68 тиын.
3. Сатып алынатын Қызметтердің сипаты, Техникалық ерекше нұсқамаларды (Шарттарға қосымшалар) көрсетілген Қызметтердің толық ерекше нұсқамалары.
4. Қызмет көрсету мерзімі, орны - Шарттардың талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 10 желтоқсанда 11 сағат 00 минут.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 жылғы 18 желтоқсанда 17 сағат 30 минут.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.
8. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 18 желтоқсанда 18 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, №317/1 бөлмеде ашылады.
9. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
10. Сатып алулар туралы шарт жобасы және Хабарландыруға қосымша қоса беріледі.
11. Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа жеке баға ұсыныстарын және техникалық сипаттамаларын ұсынады. Баға ұсыныстары Хабарламаның қосымшасына сәйкес рәсімдеу және ұсынылуы тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа жеке мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) көрсетілетін Қызметтің атауы;
3) Қызмет көрсету мерзімі және кезеңі;
4) Қызметтің жеткізілуіне байланысты қосылған құн салығын қоспағанда, лицензияның құны, оған қосылған әлеуетті жеткізушінің шығындары
Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген жеке техникалық сипаттаманы ұсынады.
Баға ұсынысы және техникалық сипаттамалары, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.
Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
Заңды тұлғалар үшін:
- «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік»;
- «ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса)»;
- «Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы»;
- «Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар».
Дара кәсіпкер үшін:
- «ДК тіркеу туралы куәлік»;
- «Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы»;
- «Жеке куәлігі»;
- «ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса)».
Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-680, 8 (775) 8442983.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.