1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Ақпараттық қауіпсіздік аудиті. ISO 27001» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу

№ п/п: 13292

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.09.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.09.2019 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Ақпараттық қауіпсіздік аудиті. ISO 27001» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін «Ақпараттық қауіпсіздік аудиті. ISO 27001» курстары.

4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 383 035,71 теңге.

5. Қызмет сипаттамалары: 40 академиялық сағаттан кем емес курс келесіні қамтуы керек:

– ақпараттық қауіпсіздік (тәсілдер, қағидалар, ұйымдастыру);

– АҚБЖ процестерінде қауіпсіздік аудитінің орны;

– ISO/IEC 27001 стандартына сәйкес аудит жүргізу;

– ISO/IEC 27001 стандартына сәйкес аудит техникасы;

– аудиторлар тобын басқару;

– сұхбаттасу әдістері;

– жоспар әзірлеу;

– аудит процестері;

– аудит жүргізу;

– аудиторлық есеп беру (құрылымы, қалыптасуы).

Оқыту теориялық зерттеулерді, топтардағы практикалық жұмыстарды қамтуы керек. Курстың негізгі сабақтары лекциялар мен семинарлар түрінде өткізіледі. Тәжірибелік мысалдарды талдау кезінде тренинг әдістері қолданынады. Тәжірибе үшін оқу уақытының кемінде 50%-ы беріледі.

Тренерге қойылатын талаптар: ISO/IEC 27001 халықаралық стандартының сертификаты, ұсыныс хаттарымен расталған оқыту семинарларын/курстарын/ тренингтерін өткізу тәжірибесі.

Сертификаттау: курстар соңында сертификат беру.

6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жылы.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «23» қыркүйек сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «30» қыркүйек 17 сағат 00 минут.

Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекен жайы бойынша беріледі.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019 ж. «30» қыркүйек 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы шартының жобасы берілген.

9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс ету өткізілетін сатып алу талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

  Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).

Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8 (727) 330 25 57.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға