1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«MATLAB» бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияны тендер тәсілімен сатып алу

№ п/п: 13125

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.06.2019 16:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 14.06.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жоспарлау және бюджет департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: Arsen.Ospanov@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 104, ішкі 5418, «MATLAB» бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияны тендер тәсілімен сатып алу бойынша тендердің талаптары (бұдан әрі – Тауар).


Тендер талаптары:

1. Тауардың атауы, көлемі және сатып алуға бөлінген сомасы осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу шарттың жобасы осы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.

4. Тауарды жеткізу орны: Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй.

5. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері сатып алу шарттың жобасында көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың 4 параграфында көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Тауарды сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

  • қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151, ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;
  • ресей рубльдегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, бенефициардың банкі: Мәскеу қ., Мемлекетаралық банк, БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; банк бенефициары: Мәскеу қ., ЖАҚ Сбербанк России, БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810500000000124;
  • АҚШ доллардағы төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, бенефициардың банкі: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;
  • ЕУРО төлемдер үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, бенефициардың банкі: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; банк бенефициары: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039. 

Тендерлік комиссия тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сай келмейтін өтінім ретінде кері  қайтарады.

6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «14» маусым 10 сағат 00 минутқа дейін (қоса есептегенде).

7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «14» маусым 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер
2019 жылғы «07» маусым 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб., тел. 8 727 2788 104 (ішкі 5418), электрондық пошта мекенжайы –  Arsen.Ospanov@nationalbank.kz.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1.  тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2.  тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «10» маусым 18 сағат 30 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында: www.nationalbank.kz тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Әлеуетті жеткізуші оның тендерлік өтінімде және оған қоса берілетін құжаттардағы ұсынылатын мәліметтердің анықтығын растайды.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:

8 727 2788 104, ішкі 5418 

Тендерлік комиссия хатшысы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жоспарлау және бюджет департаменті сатып алу басқармасының бас маманы – Оспанов Арсен Нурланович.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға