Кіріп-шығуды бақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді сатып алу
№ п/п: 13126
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.06.2019 11:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 11.06.2019 11:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1.Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64, Электрондық мекенжайы: Tald_80@nationalbank.kz. Телефон: 8(7282) 55-95-00, хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кіріп-шығуды бақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2.Сатып алу үшін бөлінген сомасы көрсетілген, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 қызмет бойынша кіріп-шығуды бақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету. ҚҚС сомасын есептегеменде, сатып алуға бөлінген жалпы сома 1 155 000 (бір миллион бір жүз елу бес мың) теңге 00 тиын.
3.Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес кіріп-шығуды бақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету
4.Сатып алынатын қызметтердің теникалық ерекше нұсқамасы (ол болған кезде) Шарт жобасының қосымшасына сәйкес техникалық ерекше нұсқама.
5.Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64.
6.Қызмет көрсетуге талап етілетін мерзім: Қызметтер Тараптардың Шартқа қол қойған күнінен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі (қоса саналады) мерзім ішінде көрсетіледі.
7.Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:
Баға ұсынысын ұсынудың басталу мерзімі-2019 жылғы «4»маусым, сағат 11:00-ден бастап.
Баға ұсынысын ұсынудың аяқталу мерзімі- 2019 жылғы «11»маусым, сағат 11:00-ге дейін.
8.Баға ұсынысын ашу күні және уақыты: 2019 жылғы «11» маусым, сағат 12:00.
9. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы мынадай тәртіпте жасайды
- нақты көрсетілген Қызмет бойынша әр тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на дейін, Қызметті қабылдау-өткізу актісі (бұдан әрі - Акт) мен Жеткізушінің шот-фактурасы негізінде;
- 4-тоқсанның төлемақысы Акт және Жеткізушінің берген шот-фактурасы негізінде ағымдағы жылдың 16 желтоқсанына дейін.
10.Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі. Бұл ретте әлеуетті жеткізушілер сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына келісімін беруі тиіс.
Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсыну мерзімінің аяқталуына дейінгі күнде және уақытта берілуі тиіс.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
- сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында сатып алынатын қызметтің атауы.
Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келмеген, сондай-ақ конверт ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.
Егер әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында:
- сатып алуға бөлінген сомадан артық болса;
- 1 (бір) баға ұсыныстан артық баға ұсыныс жасаса;
- баға ұсынысы техникалық ерекше нұсқамасында аталған талаптарға сәйкес келмесе;
- техникалық ерекше нұсқама талап етілген кезде әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқаманы ұсынбаса;
- сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;
- әлеуетті жеткізуші сатып алуға жозықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса, онда оның баға ұсынысы қабылданбайды.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.