1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратының «Оңтүстік» блогының жекелеген үй-жайларын жөндеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13342

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 08.11.2019 18:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.11.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратының «Оңтүстік» блогының жекелеген үй-жайларын жөндеу жұмыстарын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратының «Оңтүстік» блогының жекелеген үй-жайларын жөндеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар)  сатып  алу  үшін бөлінген  сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 9 800 000,00 теңге.

3. Әлеуетті жеткізуші өтінімінің құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға I санаттағы мемлекеттік лицензияның көшірмесін мынадай кіші қызмет түрлері бар ұсынуы тиіс:

1) объектілерді күрделі жөндеу мен қайта құруды қамтитын үйлер мен ғимараттардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, оның ішінде:

металл конструкцияларды монтаждау;

2) күрделі жөндеу мен қайта құруды қамтитын, инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысын, оның ішінде:

электрмен жабдықтау желілерін және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желілерін;

суық және ыстық сумен жабдықтау желілерін, тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрізін, су құбыры мен кәріздің ішкі жүйелерінің құрылғысын.

4. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

5. Жұмыстарды орындау орны  –  Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй.

6. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Мердігердің банк шотына мынадай тәртіппен ақша аудару арқылы жүргізеді:

1) шарттың жалпы сомасынан 40%  (қырық пайыз) мөлшеріндегі алдын ала ақы - шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) соңғы ақыны төлеу Тараптардың уәкілеті адамдары тексеріп, бұрыштама қойған орындалған Жұмыстың актісіне және орындалған жұмыстың және шығындар құны туралы анықтамаға қол қойылған, сондай-ақ толық көлемде орындалған жұмысты қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған және Мердігер шот-фактураларды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

7. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 08 қарашаның  18 сағат 00 минуттан бастап.  

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 15 қарашаның 18 сағат 00 минутына дейін. 

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.   

11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 15 қарашаның 18 сағат 30 минутында, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады. 

12. Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратының «Оңтүстік» блогының жекелеген үй-жайларын жөндеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

13. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

14. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

15. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

16. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

17. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;

5) ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;

6) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға I санаттағы мемлекеттік лицензияның көшірмесін мынадай кіші қызмет түрлері бар ұсынуы тиіс:

1) объектілерді күрделі жөндеу мен қайта құруды қамтитын үйлер мен ғимараттардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, оның ішінде:

металл конструкцияларды монтаждау;

2) күрделі жөндеу мен қайта құруды қамтитын, инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысын, оның ішінде:

электрмен жабдықтау желілерін және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желілерін;

суық және ыстық сумен жабдықтау желілерін, тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрізін, су құбыры мен кәріздің ішкі жүйелерінің құрылғысын.

18. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

19. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

 

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға