1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекен-жайы бойынша ҚРҰБ әкімшілік ғимараты үшін ілеспе қызметтері бар өрт дабылы жүйелерің сатып алу

№ п/п: 13302

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 01.10.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.10.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (бұдан әрі -  тапсырыс беруші (ұйымдастырушы))  А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй мекенжайында орналасқан; жұмыс телефоны 727 259 68 19 ҚРҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайындағы әкімшілік үйі үшін ілеспе қызметтерімен қоса өрт дабылы жүйесін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

1. Атауы, сондай-ақ тауар жеткізуге талап етілетін көлемі, сатып алу үшін бөлінген сома:

ҚРҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайындағы әкімшілік үйі үшін ілеспе қызметтерімен қоса өрт дабылы жүйесі (бұдан әрі – Тауар)  ҚҚС қоспағанда 8 718 931,25 теңге сомаға бір жиынтық санда.

2. Тауарға техникалық сипаттама және оған қойылатын талаптар, оны жеткізу орны мен мерзімдері, сондай-ақ ақы төлеу талаптары мен тәртібі қоса берілетін сатып алу туралы шарттың жобасында маңызды талаптары көрсетіле отырып көрініс табуы тиіс.

3. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй; 228-кабинет, Қауіпсіздік басқармасы.

4. Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі: 01.10.2019 жылғы сағат 10.00-ден бастап,  баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі 08.10.2019 жылғы сағат 10.00-ге дейін.

5. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні мен уақыты:  08.10.2019 жылы сағат 11-00-де.

6. Әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген, хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) баға ұсынысын ғана ұсынады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;

2) жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;

3) Тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;

4) Тауардың біреуінің бағасы және Тауардың ҚҚС қоспағанда  жалпы бағасы.

7. Әлеуетті жеткізуші құрылыс-құрастыру жұмыстарына арналған І санаттағы лицензия ұсынады.

8. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында мыналар көрсетіледі:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) осы хабарландырудың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алу тапсырыс берушісінің (ұйымдастырушының) атауы және пошталық мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын Тауардың (лоттың) атауы көрсетіледі.

9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бар конвертті ұсынушы өкілі өзінің өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат) растауы тиіс.

10. Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

     8 727 259 68 19 (ішкі: 3971)

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға