Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметтерін сатып алу
№ п/п: 13472
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 31.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.12.2019 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
Көрсетілетін қызметтердің көлемі - 1 қызмет. Сатып алу жоспарына сәйкес бір жыл бойында қызмет көрсетуді сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС қоспағанда 900 000 теңге 00 тиын (тоғыз жүз мың) теңге 00 тиын.
Қысқаша сипаттамасы, техникалық ерекше нұсқамасы және қызметті көрсетуге қойылатын талаптар жалғанған шарт жобасында толық көрсетiлген.
Қызмет көрсету орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.
Қызмет көрсету мерзімі, төлем жасау талаптары жалғанған шарт жобасында көрсетiлген.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы,
индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарың беруді бастау және аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 09:00-ден бастап - 2020 жылғы
9 қаңтар сағат 17:30-ға дейін.
Баға ұсыныстарын ашу күнi және уақыты: 2020 жылғы 10 қаңтарда сағат 11:00-де, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 мекен жайы бойынша, акт залында.
Шарт жобасы, оның маңызды талаптары көрсетіліп, қоса жалғанды.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге жұмыстарды орындауға техникалық ерекшелікті ұсынуы тиіс.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Жеткізуші шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- толық деректемелерін көрсете отырып банктен анықтама;
- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.
Шарт жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8-7112-554532 ішкі 2943.
Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.