1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу

№ п/п: 13457

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.12.2019 16:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.12.2019 16:30

Хабарламаның толық мәтіні:

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы,  Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137,  автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметті (бұдан әрі – Қызмет) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады:

1.Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй.

3. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты: Автокөліктерді ерікті сақтандыру үшін бөлінген сома – 103348,00 теңге, ҚҚС-сыз;

4. Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы Шарт жобасының 1-қосымшасында көрсетілген.

Негізгі құрал жабдықтарға (автокөліктерге) сақтандыру бойынша қызмет көрсету;

  • жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО): көліктің мүліктің басқа да көлік құралдарымен соғысуы, қозғалмалы немесе қозғалмайтын заттарды (ғимараттар, кедергілер, құстар, жануарлар және т.б.) басып кету (соғу), сондай-ақ оны жолда пайдалану кезінде аударылып кетуі;
  • үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері: автокөлікті (мүлікті) немесе оның жекелеген бөліктерін, бөлшектерін, қосымша жабдығын айдап әкету, тонау, талау, ұрлау не болмаса оларды айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға не  айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға ниет жасауға байланысты жойылуы не бүлінуі, сондай-ақ мүліктің үшінші тұлғалардың айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға ниет жасауға байланысты емес заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде бүлінуі;
  • табиғат апаты: боран, дауыл, құйын, бұршақ, найзағай, жер сілкінісі, сел, опырылып құлау, тас көшкіні, тасқын, су басу, судың жайылуы, жердің шөгуі;
  • өзге де көзделмеген оқиғалар: бөтен заттардың құлауы, өрт, жарылыс, мұздың астына түсіп кету, көпірден құлау нәтижесінде Сақтанушы автокөлігінің (мүлкінің) жоғалуы немесе бүлінуі (жойылуы) болып табылады.
  • Volkswagen  Transporter жеңіл автокөлігі, 2011 жылы шыққан, қалдық құны – 2040000,00 теңге.
  • Volkswagen  Transporter жеңіл автокөлігі, 2011 жылы шыққан, қалдық құны – 2010000,00 теңге.
  • Камаз 53229 Аспц-67106 жүк автокөлігі, 2003 жылы шыққан, қалдық құны  – 634 874,00 тенге.

5.Көрсетілетін қызметтің орны, мерзімі және талаптары: 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137  үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы.

6.Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі Шарт күшіне енген күннен бастап, 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолданылады.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестіден өткізуге  тауарлардың үлгілерін (болған кезде) табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты; -мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі -  20.12.2019 ж. сағат 16:30, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 27.12.2019ж. сағат 16:30 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

8. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты 27.12.2019ж. 17:00 сағат      

9. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қағидалардың 8-қосымшасы қоса беріледі. 

10. Сақтандырушының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болуы қажет.

11. Ақы төлеу талаптары: Төлем Сақтанушымен Сақтандырушының банк шотына мынадай тәртіпте ақша аудару  жолымен  жүзеге асырады:

  1. Шарт бойынша төлем, Сақтанушы 100% мөлшердегі алдын-ала төлемді банк кепілдігі немесе ақшалай кепіл жарнасы түрінде  Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде  Сақтандырушының есеп шотына аудару арқылы жүргізеді.
  2. Сақтандырушы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банктік кепілдік немесе Шарттың Жалпы сомасының 100 % (жүз) пайызы мөлшеріндегі кепілдік ақшалай жарна түрінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
  3. Сақтанушы Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін ойдағыдай орындаған сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтарады.

12. ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін Қызметтің атауы, сипаттамасы және көлемі.
  3. Қызметті көрсету орны мен мерзімдері;
  4. Қызметтің көрсетумен байланысты шығындарымен бірге қосылған қосалқы құн салығын есептемегендегі біреуінің бағасы және жалпы бағасы.

13. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын; 
  2. сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін атауын, телефонын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныс берілетін

Қызметті сатып алудың атауын көрсетеді. Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

Жеке тұлғалар үшін:

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Жеке куәлік.

14. Тауарларды сатып алу шартына қол қоюға талап етілген мерзім –сатып алуды ұйымдастырушы Жеткізушіге қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде. 

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға