Күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу
№ п/п: 13458
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.12.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.12.2019 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Шымкент филиалы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды
- Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, X09F0B5, Шымкент қ., Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы, тел. 8 (7252) 99-79-04 (қосымша нөмір - 3545), www.nationalbank.kz интернет-ресурсында күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі –Қызмет) сатып алу туралы хабарлайды және аталған қызметті сатып алуға қатысуға шақырады.
- Сатып алынатын қызметтердің атауы: күзет мониторингі және күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
- Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын есептемегенде 2 484 577,50 (екі миллион төрт жүз сексен төрт мың бес жүз жетпіс жеті теңге 50 тиын) теңге.
- Қызметтерді көрсету саны (көлемі), орны және мерзімі:
- бір қызмет;
- қызмет көрсету орны: Шымкент қ., Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат;
- күзет мониторингі бойынша қызметтер көрсету мерзімі: күн сайын тәулігіне 24 сағат, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 24.00 минутке дейін көрсетіледі («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңның талаптарына сәйкес).
- күзет-дабыл сигнализация құралдарына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсету мерзімі: апта сайын, аптаның бірінші жұмыс күнінде, 2020 жылғы 1 қыркүйек және 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында көрсетіледі.
- Көрсетілетін қызметке толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген, (шартқа қосымша).
- Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны:
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы, X09F0B5, Шымкент қ., Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, №304-кабинет, 3-қабат;
- Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі – 2019 жылғы 23 желтоқсан сағат 10.00-ден бастап;
- Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 30 желтоқсан сағат 10.00-ге дейін;
- Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: Баға ұсыныстары салынған конверттер X09F0B5, Шымкент қ., Төреқұлов көш. 2-ғимарат, №305-кабинет, 3-қабат, ҚРҰБ РММ Шымкент филиалы ғимараты мекенжайы бойынша 2019 жылғы 30 желтоқсанда сағ. 10.30-да ашылатын болады.
- Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарттың жобасы қоса беріледі.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
- Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын береді.
- Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын, БСН немесе ЖСН;
- тапсырыс берушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауын көрсетеді.
- Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
- Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
- Толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;
- Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы/еңбек шарты);
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
- ЖК-ны тіркеу туралы куәлік;
- Толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;
- Жеке куәлігі;
- Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы/еңбек шарты);
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).
- Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
- Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1 тармақшада көрсетілген телефон бойынша алуға болады.
2019 жылғы 23 желтоқсан
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.