1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Дабыл–күзет сигнализациясы құралдарына қызмет көрсету

№ п/п: 13462

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 31.12.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дабыл-күзет сигнализациясы құралдарына қызмет көрсету (бұдан әрі – Қызмет) бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

2. Сатып алынатын Қызметтің атауы: Дабыл–күзет сигнализациясы құралдарына қызмет көрсету.

3. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС есепке алмағанда 1 113 505,71  теңге.

4. Қызмет көрсету көлемі, орны және мерзімдері: бір қызмет, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоксан бойынша мерзімге дейін.

5. Техникалық ерекшеліктер: Шарт жобасының қосымшасына сәйкес қоса беріледі.

6. Әлеуетті жеткізушілермен баға ұсыныстарын ұсыну орны мен соңғы мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны: Баға ұсыныстары техникалық ерекшелігімен бірге мына мекенжай бойынша беріледі:                                 Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 3.206.-каб. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруінің басталу мерзімі – 2019 жылғы "___" желтоқсан, сағат _ _ _ бастап, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі 2020 жылғы "___" ___ сағат _ _ дейін. Баға ұсыныстарын ашу 2020 жылғы "___" ___сағат _ _ _ _ _ Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 3.206-каб.

7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемді тоқсан сайын толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне (бұдан әрі –Акті) Тараптардың жауапты тұлғалары қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынғаннан соң  10 (он) жұмыс күнінің ішінде Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

8. Маңызды шарттар көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.

Өзге ақпараттар:

Әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның өткізілетін сатып алу шарттарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті Жеткізуші ұсынған баға ұсынысына баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек 1 (бір) баға ұсынысын береді.

Әлеуетті Жеткізуші баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру аяқталатын уақыт пен күнге дейін береді.

Конвертте баға ұсынысы ұсынылған жағдайда әлеуетті Жеткізуші мөрленген конверттің беткі жағына:

  1. әлеуетті Жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы шартқа қол қоюда келесі құжаттардың:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
  • деректемелері толық көрсетілген банктің анықтамасының;
  • бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрықтың көшірмелерін береді.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға