Жалюзи сатып алуды хабарландыру
№ п/п: 13072
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.04.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.04.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру
- Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, М01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ.,19, электрондық мекенжайы: kar_12@nationalbank.kz, 8 (7212) 55-93-21 ішкі тел. 3036 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Жалюздерді дайындау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
- Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, көрсетілетін қызметтің көлемі: Жалюздерді дайындау қызметі (саны 80 дана - 265 кв.м.), сатып алу үшін бөлінген сома – 1 242 187,50 (Бір миллион екі жүз қырық екі мың бір жүз сексен жеті теңге 50 тиын), ҚҚС-сыз.
- Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт көрсетілген, сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы (ол бар болса): Жалюздерді дайындау қызметі.
- Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): Жалюздерді дайындау қызметі бойынша техникалық ерекше нұсқамасы қоса тіркелген.
- Жұмыстарды орындау орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, М01F0T6, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ.,19.
- Қызметті орындаудың талап етілетін мерзімдері: Шарт талаптарына сәйкес.
- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі - 2019 жылдың « 23 » сәуірі сағат 09-00 бастап, Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі - 2019 жылдың « 30 » сәуірі сағат 18-30 дейін. Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ.,19, 1 кабинет.
- Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2019 жылдың « 02 » мамыры сағат 17-00. Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ.,19, 25 кабинет.
- Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
- Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары көрсетілген шарт жобасы қоса тіркелген.
11. Әлеуетті жеткізушілердің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға ұсынысында мына мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
- көрсетілетін қызметтің атауы, техникалық сипаты және саны;
- қызметтің орындалу орны және мерзімі;
- қызметті орындауға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жұмыстың бір бірлігінің бағасы мен жалпы бағасы;
- әлеуетті жеткізішінің қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.
12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
13. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
14. Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ұсынушы әлеуетті жеткізуішінің өкілі өзінің құзіреттілігін растау керек (жеке куәлігі, бұйрық немесе сенімхат). Шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қол қойылған шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) беріледі.
Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің httр://www.nationalbank.kz интернет- ресурсында орналастырылатын болады. Қосымша ақпаратты 8(7212) 55-93-21, ішкі 3036 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.