1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

сейфтерді сатып алу туралы

№ п/п: 13083

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.05.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 14.05.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

өткізу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 160012, Шымкент қаласы, Н. Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сейфтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

  1. Сатып алу үшін бөлінген сома және тауардың саны:

№1 лот, сейф саны 6 дана, сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде             308 598,24  (Үш жүз сегіз мың бес жүз тоқсан сегіз теңге 24 тиын) теңге.

№2 лот, отқа төзімді сейф (орташа) саны 1 дана, сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде 146 154,91  (Бір жүз қырық алты мың бір жүз елу төрт теңге 91 тиын) теңге.

№3 лот, отқа төзімді сейф (үлкен) саны 3 дана, сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде 1 301 295,54  (Бір миллион үш жүз бір мың екі жүз тоқсан бес теңге 54 тиын) теңге.

№4 лот, отқа төзімді сейф (кішкентай) саны 1 дана, сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде 85 778,13  (Сексен бес мың жеті жүз жетпіс сегіз теңге 13 тиын) теңге.

  1. Сатып алатын тауардың қысқаша сипаттамасы: сейфтер.
  2. Сатып алынатын тауардың техникалық ерекшеліктері: Шарт жобасындағы №1 Қосымшада (техникалық ерекше) көрсетілген.
  3. Тауарды жеткізу орын:  Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371- құрылыс ҚРҰБ РММ Түркістан филиалына.
  4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі:  Тауар жеткізу Тапсырыс берушіден өтінім алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісі Тапсырыс берушімен белгіленген нысан бойынша жасалады.
  5. Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі – 2019 жылғы 03 мамыр сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін. Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 14 мамыр сағат 15:00-ге дейін.
  6. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: Баға ұсыныстары бар конверттер  Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш. 2-ғимарат, мекенжайы бойынша 2019 жылғы 14 мамыр сағат 15:30-ден бастап ашылатын болады.
  7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді екіжақты Тараптардың уәкілетті өкілдері  Тауар жеткізуді қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Жеткізуші ақы төлеуге арналған құжаттарды  (жүк құжаттамасы, шот-фактура) ұсынған күннен бастап 7 (жеті) операциялық күннің ішінде Жеткізушінің шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.
  8. Маңызды талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
  9. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын нысан бойынша (баға ұсынысының нысаны қоса беріледі) табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) жеткізілетін тауардың атауы  және саны; 

3) жеткізілетін тауардың орны және мерзімі; 

4) тауардың бір бірлігінің құны және тауарды жеткізуге байланысты шығындар  қосылған  жалпы құны.

5) банктік деректемелері.

  1. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында 

1) әлеуетті жеткізушінің атауын  және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды  ұйымдастырушының атауын  және пошталық мекенжайын көрсетеді.

  1. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстары бар конвертін ұсынушы өкілі өзінің өкілеттілігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат) растауы тиіс.
  2. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Қосымша ақпаратты   8 (7252) 997921, 997920 телефоны арқылы алуға болад

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға