1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шымкент филиалының күзет дабылқағу дабылдама жүйесін ілеспе қызметтерімен сатып алуды өткізу туралы

№ п/п: 13086

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.05.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.05.2019 10:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

өткізу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 160012, Шымкент қаласы, Н. Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Шымкент филиалының күзет дабылқағу дабылдама жүйесін ілеспе қызметтерімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

  1. Сатып алу үшін бөлінген сома және тауардың саны:

Шымкент филиалының күзет дабылқағу дабылдама жүйесін ілеспе қызметтерімен, саны 1 жиынтық, сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде 8 028 764,00 (сегіз миллион жиырма сегіз мың жеті жүз алпыс төрт теңге 00 тиын) теңге.

  1. Сатып алатын тауардың қысқаша сипаттамасы: Шымкент филиалының күзет дабылқағу дабылдама жүйесін ілеспе қызметтерімен.
  2. Сатып алынатын тауардың техникалық ерекшеліктері: Шарт жобасындағы №1 Қосымшада (техникалық ерекше) көрсетілген.
  3. Тауарды жеткізу орын: Шымкент қ., Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, ҚРҰБ РММ Шымкент филиалына.
  4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн.
  5. Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі – 2019 жылғы 04 мамыр сағат 10:00-ден бастап. Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 15 мамыр сағат 10:30-ға дейін.
  6. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: Баға ұсыныстары бар конверттер  Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш. 2-ғимарат, мекенжайы бойынша 2019 жылғы 15 мамыр сағат 10:30-ден бастап ашылатын болады.
  7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемді екіжақты Тараптардың уәкілетті өкілдері  ілеспе қызметтері бар Тауарды жеткізуді қабылдау–өткізу актісіне және №12в нысаны бойынша Орындалған жұмыстар актісіне, №КС-3 нысаны бойынша орындалған Жұмыстардың құны туралы анықтамаға қол қойған және Жеткізуші ақы төлеуге арналған құжаттарды  (шот-фактура) ұсынған күннен бастап 10 (он) операциялық күннің ішінде Жеткізушінің шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.
  8. Маңызды талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
  9. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын нысан бойынша (баға ұсынысының нысаны қоса беріледі) табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) жеткізілетін тауардың атауы  және саны; 

3) жеткізілетін тауардың орны және мерзімі; 

4) тауардың бір бірлігінің құны және тауарды жеткізуге байланысты шығындар  қосылған  жалпы құны.

5) банктік деректемелері.

  1. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында 

1) әлеуетті жеткізушінің атауын  және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды  ұйымдастырушының атауын  және пошталық мекенжайын көрсетеді.

  1. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстары бар конвертін ұсынушы өкілі өзінің өкілеттілігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат) растауы тиіс.
  2. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

  1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын береді.
  2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:  
  • әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын, БСН немесе ЖСН;
  • тапсырыс берушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  • қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауын көрсетеді.
  1. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
  2. Конверттегі  баға ұсынысымен бірге  құнның сметалық есебін ұсыну.
  3. Жеткізушінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес І санаттағы лицензиясы болуы тиіс.
  4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

 

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы);
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

 

Жеке кәсіпкер үшін:

  • ЖК-ны тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы);
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).
  1. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
  2. Қосымша ақпаратты   8 (7252) 997904, (3545) телефоны арқылы алуға болады.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға