1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Айырлы жүк тиеуіштерді сатып алу

№ п/п: 13092

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 14.05.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.05.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

         Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» РММ Жамбыл филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Қазақстан Республикасы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй, БСН 920441000030, БСК NBRKKZKX, ЖБК KZ50125KZTH007100100,  электрондық пошта: zhumb_80@nationalbank.kz ,

Қазақстан Республикасы Басқармасының 2018 жылғы 27 тамызғы №192 қалысыменҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес,

мынадай тауарларды:

Айырлы жүк тиеуіштерді

(сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы)

сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

  1. Аталған тендерге

№1 лот бойынша  бөлінген сома ҚҚС-сыз 11 736 450 (он бір миллион жеті жүз отыз алты мың төрт жүз елу теңге 00 тиын) теңгені,  

№2 лот бойынша  бөлінген сома ҚҚС-сыз 12 210 650 (он екі миллион екі жүз он мың алты жүз елу теңге 00 тиын) теңгені  құрайды.

          2. Сатып алынатын Тауардың техникалық сипаттамасы және маңызды талаптары көрсетілген Сатып алу шартының жобасы тендер талаптарының қосымшаларында көрсетілген.

         3. Тауарды жеткізу орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

         4. Тауарды жеткізу талап етілген мерзім сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген. 

Тендерлік өтінімді беру және ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2018ж. 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-параграфында көзделген.

 5. Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері қолма-қол не болмаса тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй, № 207 кабинет 

(толық мекенжайын, кабинет нөмірін көрсету)

сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

            6.Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «24» мамыр 10 сағат 00 минқа дейін  Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй, № 207 кабинет.

(уақыты мен күнін және орнын көрсету)

                 7.Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «24» мамыр 11 сағат 00 мин

                                           (уақыты мен күнін көрсету)

мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй, мәжіліс бөлмесінде ашылады.

            (толық мекенжайын, кабинет нөмірін көрсету)

           8.Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «17» мамыр 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұрауларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» РММ Жамбыл филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Қазақстан Республикасы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй, электрондық пошта:zhumb_80@nationalbank.kz .

(сатып алуды ұйымдастырушының байланыс телефондарын, электрондық пошта мекенжайын, пошталық (заңды) мекенжайын көрсету)

                9.Сатып алуды ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

                1)тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;

                2)тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы хабарлайды.

          10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «21» мамыр 10 сағат 00 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

           11.Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:                                                      8(7262) 99-93-53.

                              (қаланың кодын және телефон нөмірін көрсету)

 Тендерлік комиссия хатшысы Наурызқұлова Г.Қ.- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» РММ Жамбыл филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маман-экономисі телефон: 8(7262) 99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға