1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды күрделі жөндеуге техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13093

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 14.05.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.05.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды күрделі жөндеуге техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды күрделі жөндеуге техникалық қадағалау қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер)  сатып  алу  үшін бөлінген  сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 4 662 323, 21 теңге.

3. Сатып алынатын Қызметтер Қазақстан Республикасында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ), шартқа  және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалуы қажет.

4. Техникалық қадағалау құрамында кем дегенде үш эксперті бар заңды тұлғалармен жүргізілуі тиіс, және ол тұлғалар техникалық қадағалау жүргізу үшін екінші деңгейлік жауапкершілікті аттестатына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-II Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағының 34-1 бабына сәйкес ие болуы тиіс.

5. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

6. Жасақталған жоба-сметалық құжаттамасы қоса беріледі.

7. Қызметтерді орындау орны  –  Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230.

8. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді жеткізушінің банктік шотына мынадай тәртіппен ақша аудару арқылы жүргізеді:

шарттың жалпы сомасынан 5%  (бес пайыз) мөлшеріндегі алдын ала ақыны шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

шарттың жалпы сомасынан 95% (тоқсан бес пайыз) игергенге дейінгі аралық төлем Тараптардың уәкілетті өкілдері көрсетілген Қызметтің аралық актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың нақты құнынан көрсетілген Қызмет фактісі бойынша айына бір  реттен жиі емес;  

түпкілікті ақы төлеуді Тараптар толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне қол қойған және жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

9. Қызметтер көрсету мерзімі: Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт бойынша жұмысты орындау барлық кезеңі ішінде.

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 14 мамырдың  09 сағат 00 минут бастап.  

11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 20 мамырдың 18 сағат 30 минут дейін. 

12. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.   

13. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 21 мамырдың 09 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады. 

14. Алматы қаласы, Абай даңғ./Тұрғыт Озал к-сі, 150/230 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды күрделі жөндеуге техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

15. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге көрсетілетін Қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

16. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

17. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

18. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

19. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;

5) көрсетілетін жұмыстардың ағымдағы бағалар құнының сметалық есебі;

6) техникалық қадағалау жүргізу үшін II-деңгейден төмен емес жауапкершілікті аттестаты.

20. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

21. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға