1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

А4 қағаз сатып алу

№ п/п: 13095

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.05.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 22.05.2019 16:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алу
өткізілетіні туралы хабарландыру

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қ.) атынан (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен А4 қағаз (бұдан әрі - Тауар) сатып алу  өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген тауардың саны:

- А4 қағазы, саны - 2500 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 2 935 275  (екі миллион тоғыз жүз отыз бес мың екі жүз жетпіс бес) теңге 00 тиын;

Тауардың қысқаша сипаттамасы:

-А4 қағазы (форматы А4 қағазы, 80 г/м2, бумада 500 парақ);

Техникалық ерекшеліктер шарт жобасының қосымшасында көзделген.

Тауарды жеткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі,21.

Тауарды жеткізуге талап етілетін мерзімдер: Тапсырыс берушіден 2 жұмыс күн ішінде өтінімдерді алған күнінен бастап 2019 жылғы Шарт күшіне енген күннен бастап 31 желтоқсанға дейін партиямен жеткізуді жүзеге асырады. 

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі  – 2019 жылғы «15»  мамыр 10:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі -                              2019 жылғы «22» мамыр 16:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан                      қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «22» мамыр 16 сағат 15 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары Тауарды қабылдау - өткізу актісіне қол қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күн ішінде тауарларды жеткізу фактісіне қарай ақшаны Жеткізушінің банк шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

Техникалық ерекшеліктер көрсетілген шарттың жобасы мен маңызды талаптары қоса берілді.

Өзге ақпараттар:

Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген хабарландыруда көзделген мәліметтер, құжаттар бар 1 (бір)  ғана  баға ұсынысын ұсынады.

Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
  • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
  • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін;
  • мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімінде жоқ екенін растауға міндеттенеді.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға