1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ауыз суды сатып алу

№ п/п: 13296

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.09.2019 15:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 01.10.2019 15:00

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-089, www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ауыз суды сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Ауыз су саны - 3000 дана, ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу үшін бөлінген  сома -  1 590 000,00 теңге (бұдан әрі – Тауар).

3. Тауарларды жеткізудің сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары, мерзімі мен шарттары елеулі шарттары көрсетіле отырып, ауыз суды сатып алу туралы шарттың қоса беріліп отырған жобасында көрсетілген.

4. Тауарды жеткізу орны  –  A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21 үй.

5. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тауарға арналған талондардың Шарттың 4.2-тармағына сәйкес Тапсырыс берушінің өтінімінде айқындалған нақты саны үшін Тараптардың уәкілетті адамдары Тауарға арналған талондарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүргізеді.

6. Тауарды жеткізу мерзімі: Жеткізуші өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Тапсырыс беруші Тауарға талондарды жеткізеді.   

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 24 қыркүйектің 15 сағат 00 минут бастап.  

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 01 қазанда 15 сағат 00 минут дейін. 

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67, 216 кабинет.   

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 01 қазанда 15 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67, мекенжайында 214 кабинетте ашылады. 

11.Ауыз суды сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған тауардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға