1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметтерін қайта сатып алу

№ п/п: 13102

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.05.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 23.05.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Тапсырыс берушінің аты мен пошталық мекенжайы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қ., Ж.Досмұхамедов к-сі., 16/1.

2. Сатып алынатын қызметтің атауы - Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес, бір жыл бойында қызмет көрсетуді сатып алуға бөлінген сома  ҚҚС  қоспағанда 1071428 теңге 57 тиын (бір миллион  жетпіс бір мың төрт жүз жиырма сегіз теңге елу жеті тиын).

4. Қызметтің саны (көлемі) – бір қызмет, қызметтің көрсетілу орны – Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ж.Досмұхамедова к-сі., 16/1., қызметтің көрсетілу мерзімі, төлем жасау талаптары жалғанған шарт жобасында көрсетiлген.

5. Техникалық талаптары (болған кезде) – Шарт жобасының №2 қосымшасында көрсетілген.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну мекенжайы - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж.Досмұхамедов к-сі., 16/1,  103 – кабинет.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 23 мамыр сағат 17:30-ға дейін.

Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны - баға ұсыныстары бар конверттер Орал қ., Ж.Досмұхамедов к-сі., 16/1,  103 – кабинет, тел. 554-532 мекенжайы  бойынша: 2019 жылғы  24 мамырда сағат 11:00-ден бастап ашылатын болады.

7. Қажетті шарттарды көрсететін сатып алу туралы Шарт жобасы қажетті шарттарды көрсететін сатып алу туралы Шарт жобасына қоса беріледі.

8. Басқа ақпарат  Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

 Жеткізуші шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

• толық деректемелерін көрсете отырып банктен анықтама;

• бірінші басшыны тағайындауға бұйрық.

Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз  өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға