1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кондиционерлерді сатып алу

№ п/п: 13108

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.05.2019 12:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.05.2019 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы, мекенжайы: S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кондиционерлерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген тауардың саны:

Кондиционерлер саны - 2 (екі) дана. Сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС-сыз – 881 232,14 теңге (сегіз жүз сексен бір мың екі жүз отыз екі теңге, 14 тиын).

3. Сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы:

- «Сплит-жүйесі» кондиционері, өнімділігі 24000 Btu кем емес, қысқы жиынтықта.

4. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама Техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).

5. Тауарды жеткізу орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй.

6. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері: шарттың талаптарына сәйкес.

7. Ақы төлеу талаптары: шарттың талаптарына сәйкес.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «21» мамыр сағат 12:00-ден бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы «28» мамыр сағат 12:00-ге дейін. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

9. Баға ұсыныстары бар конверттер 2019 жылғы «28» мамырда  сағат 12:10-да мына мекенжайда ашылады: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

10. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасы қоса беріледі.

11. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған Тауарға техникалық ерекше нұсқаманы ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші келесі мәліметтер (құжаттар):

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін Тауардың атауы;

3) Тауарды жеткізу мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және Тауарды жеткізумен байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші Тауар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін Тауардың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7182) 70-44-30.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға