«Ислам бағалы қағаздары мен қаржы құралдарының ерекшеліктері» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13115
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 27.05.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 03.06.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Ислам бағалы қағаздары мен қаржы құралдарының ерекшеліктері» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін «Ислам бағалы қағаздары мен қаржы құралдарының ерекшеліктері» семинары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 133 928,57 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары: жоғарыда айтылған тақырып бойынша бастаушы қызметкерге арналған семинар.
Тренерге қойылатын талаптар: қаржы құралдарымен жұмыста практикалық тәжірибесінің болуы керек.
Сертификаттау: семинар соңында сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қ. 2019 жылдың соңына дейін жұмыс күндері.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «27» мамыр сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «03» маусым 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекен жайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «3» маусым 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №440 бөлмеде ашылады.
8. Тапсырыс беруші нақты көрсетілген қызмет дерегі бойынша ақы төлеуді тараптардың уәкілетті адамдары көрсетілген қызмет актісіне қол қойған және тапсырыс беруші шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс ету өткізілетін сатып алу талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 3302 557 (ішкі 1157).
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.