1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті сақтандыру бойынша (ерікті түрде) қызметті сатып алу туралы

№ п/п: 13116

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.05.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 04.06.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Султан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген көрсетілетін қызметтер көлемі және қызметтің қысқаша сипаттамасы: Автокөлікті ерікті сақтандыру, сомасы – ҚҚС сомасынсыз 510 315 (бес жүз он мың үш жүз он бес) теңге 46 тиын.

Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшеліктері қоса берілді.

Қызмет көрсету орны – Сақтанушының тұрған орны.

Қызмет көрсету мерзімдері – Сақтандырушының қызметі Сақтанушыда Шарт тіркелген күннен бастап көрсетіледі және 2019ж.31.12. дейін іске асырылады.

Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 2019 жылғы «_29_»  мамырда       09:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі  -                 2019 жылғы «_04» маусым 18:00 сағатқа дейін, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет;

Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «_04__» маусым 18 сағат 20 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинетте жүзеге асырылады.

Ақы төлеу талаптары – Шарт бойынша төлемді Сақтанушы ай сайын, тең үлеспен Сақтандырушыдан шот түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде Сақтандырушының банктік шотына төлейді.

Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктер қоса берілді.

 Өзге ақпараттар:

Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті  жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген 1 (бір) ғана баға ұсынысын береді.

Сондай-ақ, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекшеліктер қоса беріледі.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына ұсыну мерзімі аяқталған соң өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын жабылған конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күніне және уақытына дейін ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын;
  4. сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лизенциясын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz  интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың - заңды тұлғалар үшін:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың,
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің,
  • деректемелер толық көрсетілген банктің анықтамасының,
  • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының;

 жеке кәсіпкерлер үшін:

  • тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік
  • қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың (жеке кәсіпкер үшін);
  • деректемелер толық көрсетілген банктің анықтамасының,
  • жеке куәліктің,
  • ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға