Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу
№ п/п: 13131
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.06.2019 08:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 11.06.2019 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомалар көрсетілген тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: саны 1 қызмет, сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-ты есептемегенде 1008928,57 теңге (бip миллион сегіз мың тоғыз жүз жиырма сегіз теңге 57 тиын).
Сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй мекенжай бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы арқылы.
3. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (техникалық талабы): Үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне (ҮЭҚБЖ) техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы: Шарт жобасына № 1-қосымша:
4.1.1. UPS PowerWave 33 (бұдан әрі –ҮҚК) техникалық қызмет көрсету:
- № 1 және № 2 ҮҚК кіріс және шығыс параметрлерін тексеру және реттеу;
- жергілікті дисплей жұмысын тексеру;
- ҮҚК аккумулятор батареяларының жағдайын тексеру;
- батарея блоктарының арасындағы түйіспелік жалғауды тексеру;
- ҮЭҚБЖ артық жүктемемен жұмыс істеуін тексеру;
- аккумулятор батареясынан сыртқы қуат беруші кернеуді ажырату кезіндегі ҮЭҚБЖ жұмысын тексеру;
- сыртқы қуат беруші кернеуді қалпына келтіру, жүйенің шығыс параметрлерін тексеру;
- контактілердің жай-күйін тексеру.
4.1.2. Автоматика шкафына (АВР) техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу:
- автоматика элементтерінің сыртқы жағдайлардың өзгеруі (сыртқы қуат беруші кернеуді ажырату/қосу) кезінде іске қосылуын, жүйенің шығыс параметрлерін тексеру;
- қорғаныш құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
- КТЭ 265 А кіріс түйістіргіштердің жай-күйін тексеру
- контактілердің жай-күйін тексеру.
4.1.3. AUSONIA–150kVA дизель-генераторына техникалық қызмет көрсету:
- дизель-генераторының радиаторын үрлеп тазарту;
- старттық аккумулятор батареяларын ауыстыру;
- старттық аккумулятор батареясы қуатының қуаттау тоғын тексеру;
- зарядтау құрылғысының кернеуін тексеру және реттеу;
- басқару панелінің жұмысқа жарамдылығын тексеру;
- басқару панелінің, отын деңгейі тетігінің жай-күйін тексеру;
- қосымша жабдықтарды реттеу: термоконвектор, жалюзи жетегі
4.1.4. WattStream 200kVA
- дизель-генераторының радиаторын үрлеп тазарту;
- старттық аккумулятор батареясы қуатының қуаттау тоғын тексеру;
- зарядтау құрылғысының кернеуін тексеру және реттеу;
- басқару панелінің жұмысқа жарамдылығын тексеру;
- басқару панелінің, отын деңгейі тетігінің жай-күйін тексеру;
- қосымша жабдықтарды реттеу: термоконвектор.
4.2. AUSONIA–150kVA дизель-генераторына (ДГ) техникалық қызмет көрсету техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі, бұл ретте старттық аккумулятор батареяларын, мотор майын, отын, май және ауа сүзгілерін ауыстыру жүргізіледі. WattStream 200kVA техникалық қызмет көрсету техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі, бұл ретте мотор майын, отын, май және ауа сүзгілерін ауыстыру жүргізіледі. Мотор майын, тазартылған суды, антифриз және СТ-190 А сағ. старттық аккумулятор батареяларын Тапсырыс беруші береді, ал отын, май, ауа сүзгілерін және суытқыш сұйықтығының сүзгісін Жеткізуші береді.
4.3. ҮЭҚБС жүйесінің, автоматика шкафының кернеудің төмендеуі кезінде, фазалардың біреуі жоғалған кезде, жүйенің кіріс клеммаларында электр қорегін толық айыру кезінде іске қосылуын кешенді тексеру.
4.4. Кепілдік мерзімі Тараптар Актіге қол қойған күннен бастап 12 (он екі) айды құрауы тиіс, осы кезең ішінде Жеткізуші көрсетілетін қызметтің тұтынымдық сипаттамасына кепілдік береді, атап айтқанда, кейін ҮЭҚБС техникалық жай-күйі туралы актіні жасай отырып, ай сайын көзбен шолып тексеру және диагностика жүргізеді.
4.5. Шарт талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің қосалқы бөлшектерін пайдалана отырып ҮЭҚБС апаттық жөндеу.
4.6. Жоғарыда көрсетілген барлық жұмысты ұқсас құрылғылармен іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар орындауы тиіс.
4.7. ҮЭҚБС техникалық қызмет көрсету кезеңділігі – жылына 1 рет.
5. Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны: ҚР, 030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.
6. Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: қоса берілетін маңызды талаптары көрсетіле отырып жасалған сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол болған кезде) ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы «05» маусымда сағат 08:00-ден бастап, 2019 жылғы «11» маусымда сағат 17:30-ға дейін.
8. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «12» маусымда сағат 09:00-ден бастап.
9. Ақы төлеу талаптары: Шарт жобасында көрсетілген.
10. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.
11. Әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 145-пункітіне сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол боған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.
12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта мекенжайын;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын және пошта мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауын көрсетеді.
13. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (http://www.nationalbank.kz) орналастырылады.
* ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары»
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.