Әмбебап дәрi қобдишаларын қайта сатып алу
№ п/п: 13134
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.06.2019 17:30
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.06.2019 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137), әмбебап дәрi қобдишаларын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны:
1-лот, Әмбебап дәрi қобдиша, 30 жиынтық, бөлінген сома ҚҚС-сыз 189000,00 теңге.
3.Сатып алынатын тауарға техникалық ерекше нұсқама: Шарт жобасына №1 Қосымшада (техникалық ерекше нұсқама) көрсетілген.
4.Тауарды жеткізудің орны: 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.
5.Тауарды жеткізу мерзімі: Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 05.06.2019ж. сағат 17:30, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 12.06.2019ж. сағат 17:30 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;
7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты – 12.06.2019 ж. сағат 17:50.
8. Төлем жасау тәртібі: Төлем нақты жеткізілген Тауар үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері Актіге қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап операциялық 10 (он) күн ішінде Жеткізушінің Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген банк шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.
9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.