1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бейнеспектралдық компараторды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13674

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.07.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 23.07.2020 10:00

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бейнеспектралдық компараторды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

 

  1. Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., «Есіл» ауданы Мәңгілік Ел даңғылы, 57А үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ұйымдастырушы) арқылы, тел. 8 (7172) 704-876 www.nationalbank.kz. Интернет-ресурсында хабарландыру орналастыру арқылы екі кезеңдік сатып алу рәсімдерін өткізе отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бейнеспектралдық компараторды (бұдан әрі – Тауар) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

1-кезең. Баға ұсыныстарын ұсыну 

           1) Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ҚРҰБ-ға ұсынуы.

2) Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу және баға ұсыныстарын және техникалық ерекше нұсқаманы қарау. 

3) Бағаны қарау рәсімдерінің нәтижелері бойынша және техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес баға ұсыныстарын барлық қойылған талаптарға сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерге екінші кезеңге өтуге рұқсат беріледі.  

2-кезең. Жабдықты тестілеуге ұсыну

1) Тестілеу бағдарламасына сәйкес тестілеу жүргізіледі. Барлық тесттен сәтті өткен және техникалық ерекше нұсқаманың барлық талаптарына сәйкес келетін жабдық  2-кезеңге өтті деп саналады. 2-кезеңнің қорытындысы бойынша бағасы ең төмен жеткізуші таңдап алынады, онымен сатып алу шарты жасалады.

2) Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы дайындау және бекіту.

3) ҚРҰБ порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы хабарландыру жариялау және жеткізушімен сатып алу туралы шарт жасау.

  1. Тауар саны – 17 дана, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын қоспағанда 172 921 875 теңге.
  2. Тауарды жеткізу орны: Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21.

Тауарды жеткізу мерзімі – Шарт күшіне енген күннен бастап 100 (жүз) күнтізбелік күн ішінде.  

  1. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама Техникалық ерекше нұсқамада (Шартқа қосымша) көрсетілген.
  2. Ақы төлеу талаптары: - Тауарды жеткізу фактісі бойынша 100%.
  3. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А үй.

- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруінің басталуы: 2020 жылғы «15» шілде, 10 сағат 00 минуттан бастап.

  1. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруінің соңғы мерзімі: 2020 жылғы «23»  шілде, 10 сағат 00 минутқа дейін.
  2. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 жылғы «23»  шілдеде 10 сағат 30 минутта, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы Мәңгілік Ел даңғылы, 57А үй мекенжайы бойынша ашылады.
  3. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымша қоса беріледі.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

  1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын бере алады.

 

  1. Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

 

  • әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

 

  • сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

 

  • қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмысты және қызметті сатып алудың атауын көрсетеді.

 

  1. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүдделерін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу рұқсаты) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

 

  1. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Дара кәсіпкер үшін: 

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса).
  1. Шарт жобасына жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы: 8 (7172) 704-876 телефоны арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға