1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың кіріс топтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13666

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 02.07.2020 15:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.07.2020 15:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), тел. сот. 8(700)562-82-87 8(727), www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың кіріс топтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың кіріс топтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 13 007 490,18 теңге.

3. Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімінің құрамында объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш конструкцияларын және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензиясының ІІ санаттан төмен емес көшірмесін ұсынуы тиіс, оның ішінде:

- металл конструкцияларды монтаждау.

4. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

5. Жұмыстарды орындау орны – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша орналасқан, жөндеуден өтуге тиісәкімшілік ғимараты.

6. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Шарттың 15-бөлімінде көрсетілген Мердігердің банк шотына мынадай тәртіппен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады:

1)  Шарттың жалпы сомасынан 10% (он пайыз) мөлшеріндегі алдын ала төлем – Шарттың күшіне енген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) аралық төлем - 10% (он пайыз) мөлшерінде соңғы төлем резервін қалыптастыру үшін орындалған Жұмыстың жалпы сомасынан ұстауды ескере отырып, Тараптардың жауапты адамдары қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалған Жұмыстың аралық актісі және орындалған жұмыстардың құны мен шығындар туралы анықтама негізінде Жұмыстар орындалғаннан кейін айына бір реттен жиі емес;

3) түпкілікті төлем - Тараптардың жауапты адамдары тексерген және бұрыштама қойған орындалған жұмыстар актісіне және жұмыстардың құны мен шығындар туралы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Тараптар Жұмыстың толық көлемде орындалғанын қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойғаннан кейін және Мердігердің шот-фактураны ұсынған соң.

Тапсырыс берушінің талабы бойынша Мердігер оған Жұмыста пайдаланылған материалдарға шот-фактуралардың түпнұсқалығын тексеру үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсынады.

7. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2020 жылғы 02 шілденің 15 сағат 30 минуттан бастап.  

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2020 жылғы 09 шілденің 15 сағат 30 минутына дейін. 

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, мекенжайында 1504 кабинетте ашылады, 1504 кабинет.   

11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2020 жылғы 09 шілденің 16 сағат 30 минутта, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, мекенжайында 1504 кабинетте ашылады. 

12. Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың кіріс топтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

13. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

14. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

15. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

16. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

17. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

  1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  3. толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  4. бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
  5. ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;
  6. объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш конструкцияларын және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға кез келген санаттағы мемлекеттік лицензияның ұсынуы тиіс, оның ішінде:

- металл конструкцияларды монтаждау.

18. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

19. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға