1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мұрағат құжаттарын түптеу қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13664

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.06.2020 15:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.07.2020 15:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(700)562-82-87,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мұрағат құжаттарын түптеу қызметтерін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Мұрағат құжаттарын түптеу қызметтеріне (бұдан әрі – Қызметтер), ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу  үшін бөлінген  сома - 3 485 000,00 теңге.

3. Сатып алынатын Қызметтерге толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген.

4. Қызметтерді көрсетудің сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары, мерзімі мен шарттары елеулі шарттары көрсетіле отырып, мұрағат құжаттарын түптеу қызметтерін сатып алу туралы шарттың қоса беріліп отырған жобасында көрсетілген.

5. Қызметтерді көрсету орны – Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты.

6. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың уәкілетті тұлғалары Актіге қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір айда нақты көрсетілген Қызмет үшін Жеткізушінің банк шотына ақша аудару арқылы ай сайын жүзеге асырады.

7. Қызметтерді көрсету мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

8. Қызметтерді көрсету мерзімі - бір жұмыс күнінде кемінде 65 түптелетін істер.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2020 жылғы 30 маусымның 15 сағат 30 минуттан бастап.  

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2020 жылғы 07 шілденің 15 сағат 30 минутына дейін. 

11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, 1504 кабинет.   

12. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2020 жылғы 07 шілденің 16 сағат 30 минутта, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты, мекенжайында 1504 кабинетте ашылады. 

13. Мұрағат құжаттарын түптеу қызметтерін сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

14. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған Қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

15. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

16. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

17. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

18. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

  1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  3. толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  4. бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

19. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

20. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға